Қазақстан U-19 құрамасы Түркияны ұтты

Қазақстан U-19 құрамасы Түркияны ұтты

01 қыркүйек 2018, 17:32
Қазақстан  U-19 құрамасы Түркияны ұтты
19 жасқа дейінгі Қазақстан жасөспірімдер құрамасы Гранаткин Мемориалы турнирінің топтық кезеңінде екінші ойынын өткізеді.

Александр Кузнецов шәкірттері «А» тобында ойнайды. Бұл жолы қарсылас Түркия жасөспірімдер құрамасы болды.

Кездесудің 33-минутында Түркия құрамасының қорғаушысы өз айып алаңында Максим Вагановты шалып құлатты. Қазақстан U19 құрамасының капитаны Дінмұхамед Қашкен пенальтиді мүлтіксіз орындады. Ойын соңына дейін осы есеп аяқталды.

Қазақстан U-19 құрамасы келесі ойынын 4 қыркүйек күні Санкт-Петербург қаласының құрамасымен өткізеді.

 

Түркия U-19 - Қазақстан U-19 - 0:1 (0:1)

Гол: Қашкен 33 - пенальти

Ескерту: Акгюн 17, Карнучу 36, Такырш 88 - Усачев 63, Қараман 78.

Түркия U-19: Езкан, Дживелек (Такырш 70), Бичер, Чакы, Карнучу, Гюль (к), С.Акгюн, Ю.Акгюн (Ташкен 61), Сечгин, Гермэс (Бекташ 46), Кол.

Резерв: Уруч, Гекиимен, Акюз, Айтун, Аййылдыз.

Қазақстан U-19: Устименко, Совет, Шәмши, Қашкен (к), Әйтім, Сағынаев, Жақыпбаев, Скворцов, Кеңесов (Қайыркенов 42), Усачев (Ульшин 65, Красноперов 79), Ваганов (Қараман 54, Глазунов 79).

Резерв: Саенко, Жұмаділов, Нұрсейітов.

Төрешілер: Егоров, Пелых, Шаламов.

01.09.2018. Санкт-Петербург. «Рощино Арена».

Бөлісу
Жоғары