Физикалық қауіпсіздік
PDF, KZ
Қарау — Физикалық қауіпсіздік Жүктеу — Физикалық қауіпсіздікKFF Safeguarding — футболдағы балаларды қорғау бағдарламасы
Қазақстан футбол федерациясы әрбір бала мен ересек алаңға өзіне құрметпен қарайтынына, оны тыңдайтынына және оның қауіпсіздігіне басымдық берілетініне сенімді болып шығатын орта қалыптастыруда.
Төтенше жағдайларда: 102 полиция · 112 жедел қызметтер
ҚФФ Президентінің үндеуі
Балалар мен ерекше назар аударуды қажет ететін басқа да адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және оларды қорғауға арналған Қазақстан футбол федерациясының Safeguarding бөліміне қош келдіңіздер.
Футбол жан-жақты дамуға мүмкіндік береді, құрметке, жауапкершілікке және командалық жұмысқа үйретеді. Сондықтан біздің міндетіміз тек жаттығулар мен жарыстарды ұйымдастыру ғана емес, сонымен қатар футбол қауымдастығының әрбір мүшесі өзін қауіпсіз әрі қорғалған сезінетін орта қалыптастыру.
Қазақстан футбол федерациясы Safeguarding мәселелері бойынша жүйелі тәсілді қалыптастыруда. Бұл FIFA мен UEFA-ның жеке бағыты немесе формалды талабы емес, Федерацияның, клубтардың, академиялардың және балалармен жұмыс істейтін барлық мамандардың қызметінің ажырамас бөлігіне айналуы тиіс.
Әрбір адам жаттығуға, матчқа немесе кез келген футбол іс-шарасына келгенде өзіне құрметпен қаралатынына, оның пікірі ескерілетініне және қауіпсіздігі әрдайым басты басымдық болатынына сенімді болуы керек.
Футбол ортасы да, қоғамдық өмірдің кез келген басқа саласы сияқты, жол беруге болмайтын мінез-құлық көріністерімен бетпе-бет келуі мүмкін. Біздің ортақ міндетіміз — қауіп-қатерлерді дер кезінде анықтау, ықтимал бұзушылықтардың алдын алу және осындай әрбір жағдайда әрекет етудің нақты тәртібін қамтамасыз ету.
Бұл жұмыс барлық тараптардың қатысуын талап етеді. Федерация мен клубтар қорғау қағидалары мен тетіктерін қалыптастыруға жауапты болса, жаттықтырушылар мен мамандар олардың сақталуын қамтамасыз етеді, ал ата-аналар ашық диалог пен қолдау көрсетуге жауап береді. Тек бірлескен күш-жігердің арқасында ғана сенімге, құрметке және жауапкершілікке негізделген мәдениетті қалыптастыруға болады.
Біз бұл жүйені дәйекті түрде дамытуды, футбол қауымдастығы мүшелерінің хабардарлығын арттыруды және әрбір баланың футболмен айналысып, өз қабілеттерін ашып, өзін қауіпсіз сезінуіне жағдай жасауды мақсат етеміз.
Адамды қорғау — баршаға ортақ жауапкершілік әрі қазақстандық футболдың дамуы негізделуге тиіс басты қағидаттардың бірі.
Марат Омаров
Қазақстан футбол федерациясының президенті
Футболға қатысушылардың барлығы үшін қауіпсіз әрі құрметке негізделген орта қалыптастыру шаралары.
Футболдағы балаларды қорғау шаралары. 18 жасқа толмаған адам бала болып саналады.
Қауіпсіз орта зиянның алдын алуға және өтініштерге уақтылы ден қоюға көмектеседі.
PDF, KZ
Қарау — Физикалық қауіпсіздік Жүктеу — Физикалық қауіпсіздікPDF, KZ
Қарау — Психологиялық әл-ауқат Жүктеу — Психологиялық әл-ауқатPDF, KZ
Қарау — Зорлық-зомбылықтан қорғау Жүктеу — Зорлық-зомбылықтан қорғауPDF, KZ
Қарау — Буллингтен қорғау Жүктеу — Буллингтен қорғауPDF, KZ
Қарау — Интернеттегі қауіпсіздік Жүктеу — Интернеттегі қауіпсіздікPDF, KZ
Қарау — Тең мүмкіндіктер Жүктеу — Тең мүмкіндіктерҚФФ-ның Safeguarding & Child Protection саясаты Қазақстан футболындағы балалар мен футбол қызметіне қатысушыларды қорғаудың бірыңғай стандарттарын белгілейді.
Мінез-құлық кодексі · PDF, KZ
Қарау — Жаттықтырушыларға Жүктеу — ЖаттықтырушыларғаМінез-құлық кодексі · PDF, KZ
Қарау — Ата-аналарға Жүктеу — Ата-аналарғаМінез-құлық кодексі · PDF, KZ
Қарау — Ойыншыларға Жүктеу — ОйыншыларғаМінез-құлық кодексі · PDF, KZ
Қарау — Еріктілерге Жүктеу — ЕріктілергеМінез-құлық кодексі · PDF, KZ
Қарау — ҚФФ қызметкерлеріне Жүктеу — ҚФФ қызметкерлерінеМінез-құлық кодексі · PDF, KZ
Қарау — Төрешілерге Жүктеу — ТөрешілергеМінез-құлық кодексі · PDF, KZ
Қарау — Медициналық персоналға Жүктеу — Медициналық персоналғаЕгер сізге баланың немесе футбол қызметіне қатысушының құқықтарының ықтимал бұзылуы, физикалық, психологиялық немесе жыныстық зорлық-зомбылық, қанау, немқұрайлылық, буллинг, қудалау, кемсіту не адамның қауіпсіздігі мен әл-ауқатына төнетін өзге қауіп туралы белгілі болса, хабарлаңыз. Сіздің өтінішіңіз адамды қорғауға және зиян келтірілуінің алдын алуға көмектесуі мүмкін.
Шыңғыс Темерханов · Safeguarding Officer
safeguardingofficer@kff.kz102 полиция · 112 жедел қызметтер — өмірге немесе денсаулыққа қауіп төнгенде
Safeguarding — футболға қатысушылардың барлығы үшін қауіпсіз, құрметке негізделген және қолдау көрсететін орта құру жөніндегі шаралар жиынтығы.
Child Protection балаларды қорғауға бағытталған және кеңірек Safeguarding жүйесінің бір бөлігі болып табылады.
Child Protection материалдарында 18 жасқа толмаған адам бала болып саналады.
Баланы сабырмен тыңдаңыз, өз бетіңізше тергеу жүргізбеңіз және ҚФФ-ның Safeguarding бағытына жауапты маманына хабарлаңыз.
Өтініштерді ҚФФ-ның Safeguarding бағытына жауапты маманы қабылдайды.