Қазақстандық төрешілер тобы Ұлттар Лигасында қызмет атқарады

Қазақстандық төрешілер тобы Ұлттар Лигасында қызмет атқарады

17 қараша 2018, 15:38
Қазақстандық төрешілер тобы Ұлттар Лигасында қызмет атқарады
Данияр Сахи бастаған отандық төрешілер тобы Македония мен Гибралтар құрамалары арасындағы ойынға төрелік етеді.

Бас төрешіге қос қапталдан Айдын Тасыбаев пен Сергей Калачев көмектеседі. Қақпа артындағы төрешілер - Фуркат Атажанов және Арман Исмуратов. Қосалқы төреші - Евгений Бельский.

Македония-Гибралтар ойыны 19 қараша күні Скопье қаласындағы «Филипп II Македонский» стадионында өтеді.

Бөлісу
Жоғары