ҚФФ Президенті Техникалық орталықтың семинарына қатысты

ҚФФ Президенті Техникалық орталықтың семинарына қатысты

11 ақпан 2020, 17:30
ҚФФ Президенті Техникалық орталықтың семинарына қатысты
Қазақстан футбол федерациясының жетекшісі Әділбек Жақсыбеков Футбол үйінде өткен Техникалық орталықтың «A» Elite Youth УЕФА категориясының қатысушыларына арналған семинарын тамашалады. 

Семинарды мұқият қадағалаған Әділбек Рыскелдіұлы қатысушылармен де әңгімелесті:

- Федерация әрқашан балалар мен жасөспірімдер футболына баса назар аударады. Бапкерлердің біліктілігін көтеру - өз жемісін беретін маңызды бағыт. Барлығы мамандардың жұмысына байланысты. Өскелең ұрпаққа білімді жеткізетін де өздеріңіз. Болашақтың іргетасын қазірден бастап қалау маңызды, - деді Жақсыбеков. 

Бапкерлерге арналған «A» Elite Youth УЕФА бағдарламасы отандық клубтардың футбол орталықтарын дамыту бағдарламасының жетекшілеріне арналған. Еуропада балалар мен жасөспірімдерге берілетін ең жоғары лицензия саналады. 

Бөлісу
Жоғары