«Qatar 2022» Әлем Кубогының іріктеу кезеңіндегі Қазақстан құрамасының ойын күнтізбесі

«Qatar 2022» Әлем Кубогының іріктеу кезеңіндегі Қазақстан құрамасының ойын күнтізбесі

09 желтоқсан 2020, 02:00
«Qatar 2022» Әлем Кубогының іріктеу кезеңіндегі Қазақстан құрамасының ойын күнтізбесі
УЕФА әлем біріншілігінің еуропалық іріктеу кезеңінің ойын кестесін жариялады.

Қазақстан құрамасы Әлем Чемпионатының іріктеу кезеңінің «D» тобында ойнайды.

Жеребе тарту рәсімінің нәтижесі бойынша Қазақстан құрамасының қарсыластары анықталды. Олар - Франция, Украина, Финляндия, Босния және Герцеговина құрамалары.

Салтанатты шара 7 желтоқсан күні Цюрихте өтті.

Әлем кубогының еуропалық іріктеу ойындары 2021 жылдың 24 наурызы мен 17 қараша аралығында өтеді.

«QATAR 2022» ӘЛЕМ КУБОГЫ / ІРІКТЕУ / «D» ТОБЫ

ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ ҚҰРАМАСЫНЫҢ МАТЧТАРЫНЫҢ КҮНТІЗБЕСІ

28.03.2021 20:00 Қазақстан - Франция

04.01.2021 01:45 Украина - Қазақстан

09.01.2021 21:00 Қазақстан - Украина

09.04.2021 23:00 Финляндия - Қазақстан

08.09.2021 01:45 Босния және Герцеговина - Қазақстан

09.10.2021 20:00 Қазақстан - Босния және Герцеговина

12.10.2021 21:00 Қазақстан - Финляндия

14.11.2021 01:45 Франция - Қазақстан

Матчтардың басталуы Нұр-Сұлтан уақытымен көрсетілген.

Он іріктеу тобының жеңімпаздары Әлем Чемпионатына тікелей жолдама алады.

Екінші орын алған командалар мен  УЕФА Ұлттар тобының екі үздігі қалған үш жолдамаға плей-офф кезеңінде таласады.

Қазақстан футбол федерациясының бас серіктесі - «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ

Бөлісу
Жоғары