Аустриялық төрешілер Беларусь пен Қазақстан матчына қазылық етеді

Аустриялық төрешілер Беларусь пен Қазақстан матчына қазылық етеді

09 маусым 2022, 16:36
Аустриялық төрешілер Беларусь пен Қазақстан матчына қазылық етеді
УЕФА Ұлттар лигасының топтық кезеңі аясында өтетін Беларусь пен Қазақстан арасындағы кездесуде қызмет атқаратын төрешілер тобы белгілі болды.

Бас төреші міндетін Мануэль Шюттенгрубер атқарады. Оның қапталдағы көмекшілері – Роланд Бранднер және Роберт Штайнахер. Қосалқы төреші – Рене Айснер. VAR төрешілері – Кристиан-Петру Чокирка және Алан Кияс. Төрешілердің барлығы Аустрия елінен. 

Беларусь – Қазақстан ойыны маусымның 10-нан 11-не қараған түні Нұр-Сұлтан уақытымен 00:45-те басталады.

Бөлісу
Жоғары