Футзалдан Қазақстан құрамасы сырт алаңда Әзербайжанды жеңді

Футзалдан Қазақстан құрамасы сырт алаңда Әзербайжанды жеңді

07 қазан 2023, 00:20
Футзалдан Қазақстан құрамасы сырт алаңда Әзербайжанды жеңді
Футзалдан Қазақстан ұлттық құрамасы 2024 жылғы әлем чемпионатына іріктеу кезеңінің элиталық раундындағы үшінші ойынын өткізді.

Элиталық раундтың үшінші турында Кака командасы Әзербайжан құрамасымен кездесті. Ойын Бакуде өтіп, 4:2 есебімен қазақстандықтардың жеңісімен аяқталды.

Әзербайжан құрамасы матчта Хади Ахмади соққан голдың арқасында есеп ашты. Екінші таймда қазақстандықтар төрт голмен жауап берді - Біржан Оразов, Дуглас, Дәурен Тұрсағұлов және Эдсон көзге түсті. Кездесу соңында алаң иелері Қазақстан құрамасының қақпасына екінші голды соқты. Қорытынды есеп Қазақстан құрамасының пайдасына 4:2.

11 қазанда Қазақстан мен Әзербайжан Элиталық раундтың төртінші туры аясында тағы да кездеседі. Ойын Астанадағы Жақсылық Үшкемпіров атындағы Жекпе-жек сарайында өтеді. Кездесу елорда уақытымен 20:00-ге жоспарланған.

Әзербайжан – Қазақстан – 2:4 (1:0)

Голдар: Хади Ахмади 12, Манека 40 – Біржан Оразов 23, Дуглас 27, Дәурен Тұрсагұлов 36, Эдсон 39 

Ескертулер: Фелипиньо 27, Биэл 36 – Дәурен Тұрсагұлов 29

Әзербайжан: Кюрдов (в), Эдуардо, Вилела, Фелипиньо, Амадеу – Гусейнли (в), Гюлюзаде, Манека, Ахмади, Казиханов, Багиров, Галло, Агхализада, Биэл;

Бас бапкер: Виталий Борисов.

Қазақстан: Игита (в) (к), Эдсон, Тұрсагұлов, Дуглас, Оразов – Серіков (в), Валиуллин, Лео, Ақбалықов, Есенаманов, Кнауб, Жұма, Дәрібай, Абдуманапұлы;

Бас бапкер: Рикардо Кака.

Төрешілер: Кирилл Найшулер, Артту Кюнаераейнен, Пааво Комппа (все – Финляндия).

06.10.2023. Баку, Baku Sports Hall.

Бөлісу
Жоғары