Қазақстан WU-17 және WU-19 қыздар құрамаларының ЕЧ-2024/25 іріктеу кезеңіндегі қарсыластары анықталды
08 маусым 2024, 12:12
Жеребе қорытындысы бойынша Қазақстан WU-17 құрамасы Швеция және Эстония құрамаларымен бірге «В» Лигасының 6 тобына түсті. Ойындардың өтетін уақыты мен жері кейінірек белгілі болады.
Қазақстан WU-19 құрамасы «В» Лигасының 2 тобына түсті. Біздің топта Румыния, Латвия мен Лихтенштейн бар. Матчтар 8-16 шілде, 21-29 қазан не 25 қараша мен 3 желтоқсан күндері аралығында өтуі мүмкін.

Алты топқа бөлінген командалар А Лигасының жолдамасы үшін бақ сынайды. Топ жеңімпаздары мен үздік көрсеткіші бар екінші орын иегері жоғары дивизионға шығады.
Жаңалықтар
08 мау., 00:50
08 мау., 00:10
07 мау., 15:04
06 мау., 17:23
05 мау., 17:32
05 мау., 00:00
04 мау., 21:45