Қазақстан ұлттық құрамасы Словенияға есе жіберді

Қазақстан ұлттық құрамасы Словенияға есе жіберді

10 қыркүйек 2024, 03:23
Қазақстан ұлттық құрамасы Словенияға есе жіберді
Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы УЕФА Ұлттар лигасы аясында екінші ойынын өткізді.

Ұлттар лигасының екінші туры аясындағы ойын Любляна қаласында Словения құрамасына қарсы өтті. Матч алаң қожайындарының пайдасына 3:0 есебімен аяқталды.

Келесі турда Станислав Черчесовтің шәкірттері Аустрия құрамасымен кездеседі. Ойын Линц қаласында өтеді.

Словения – Қазақстан – 3:0 (2:0)

Голдар: Шешко 23, 28, 63

Ескерту: Млакар 20, Целар 38 – Малый 35

Словения: Облак (қ) (к), Янжа, Бийол, Дркушич, Брекало, Стоянович (Иличич 77), Гнезда-Черин, Элшник, Млакар (Станкович 64), Шешко, Целар (Випотник 64);

Қосалқы құрам: Векич (қ), Видовшек (қ), Балковец, Байрич, Куртич, Ловрич, Петрович, Хорват, Шпорар;

Бас бапкер: Матьяж Кек.

Қазақстан: Шацкий (қ), Вороговский, Марочкин, Малый (Қасым 46), Әліп, Быстров (Скворцов 76), Тағыберген (к), Зайнутдинов, Оразов (Э.Астанов 57), Самородов (Чесноков 46), Айымбетов (Жақсылықов 76);

Қосалқы құрам: Покатилов (қ), Заруцкий (қ), Балтабеков, Асранкулов, Бейсебеков, Әбікен, Исламхан;

Бас бапкер: Станислав Черчесов.

Төрешілер: Жоау Пиньейру, Бруну Алвеш Жезуш, Лусиану Майя;

VAR төрешілері: Угу Мигел, Бруну Эстевеш;

Қосалқы төреші: Жоау Гонсалвеш (барлығы – Португалия).

09.09.2024. «Стожице», Любляна, 8 300 көрермен.

Бөлісу
Жоғары