Қазақстан WU-19 қыздар құрамасының Еуро-2025 іріктеу матчтарына ойыншылар тізімі

Қазақстан WU-19 қыздар құрамасының Еуро-2025 іріктеу матчтарына ойыншылар тізімі

18 қараша 2024, 12:00
Қазақстан WU-19 қыздар құрамасының Еуро-2025 іріктеу матчтарына ойыншылар тізімі
19 жасқа дейінгі Қазақстан қыздар құрамасы Румынияда өтетін 2025 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңі матчтарына шақырылған футболшылардың тізімін жариялады.

18 қараша күні «Қайрат» ФК базасында Қазақстан құрамасы оқу-жаттығу жиынын бастады.

Қазақстан U-19 қыздар құрамасының ойыншылар тізімі:

Қақпашылар: Әсел Әнуарбек («Ордабасы»), Дидар Нәкен (БЖМОРСМ №8);

Қорғаушылар: Александра Набокова («Шахтер»), Эльнура Катран («Ордабасы»), Әсел Кәкен («Жетісу»), Медина Мұрат, Карина Ботабек (екеуі де – «Ордабасы»), Жансұлу Нұрғазина, Әсел Орынбай («БИІК-Шымкент»), Ажар Шөкетаева, Аделия Бекхожина (БЖМОРСМ №8), Саидахон Зайнутдинова (бәрі – БЖМОРСМ №8);

Жартылай қорғаушылар: Алина Лозукова («БИІК-Шымкент»), Адина Бейбут (БЖМОРСМ №8), Элина Ирисметова («Ордабасы»), Анастасия Перейма («Оқжетпес»), Влада Огай («Жетісу»), Жанель Таласбаева, Анель Досболова (екеуі де – «Қайрат»), Аяжан Қожабекова («Ақсу»), Диана Нақыпбек («Шахтер»);

Шабуылшылар: Валерия Попова («БИІК»), Полина Тучина, Назым Алданазар (екеуі де – «Қайрат»), Адия Асқарова (БЖМОРСМ №8);

Бапкерлік штаб: Орынбасар Дәуренбекова – бас бапкер, Александра Рудикова – бас бапкердің көмекшісі, Валентина Пенькова – бас бапкердің көмекшісі, Татьяна Рыбалкина  – дене даярлығы жаттықтырушысы, Қазыбек Мамиленов – қақпашылардың жаттықтырушысы, Ботагөз Құсайынова – дәрігер, Айман Бейсенова – массажист, Гүлназ Әлиева – бейнеоператор, Серік Жугралин – менеджер.

Еуропа чемпионатына іріктеу кезеңінің ойын кестесі:

27 қараша

Қазақстан WU-19 – Латвия WU-19

 

30 қараша

Румыния WU-19 – Қазақстан WU-19

 

3 желтоқсан

Лихтенштейн WU-19 – Қазақстан WU-19

Бөлісу
Жоғары