Отандық футзал төрешісі ЕУРО матчына шақырту алды

Отандық футзал төрешісі ЕУРО матчына шақырту алды

18 наурыз 2025, 21:18
Отандық футзал төрешісі ЕУРО матчына шақырту алды
Қазақстандық футзал төрешісі Аслан Галаев 19 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасындағы 2025 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу турнирі аясындағы ойынға шақырту алды.

Аслан Галаев іріктеу кезеңінің негізгі раундындағы 4-топтың Латвия мен Андорра құрамалары арасындағы матчының үшінші төрешісі болып тағайындалды.

Турнир 2025 жылдың 26-29 наурыз аралығында Латвияның Елгава қаласында өтеді.

Бөлісу
Жоғары