Қазақстан құрамасының бас бапкері мен ойыншысының қатысуымен баспасөз мәслихаты өтеді

Қазақстан құрамасының бас бапкері мен ойыншысының қатысуымен баспасөз мәслихаты өтеді

03 маусым 2025, 16:21
Қазақстан құрамасының бас бапкері мен ойыншысының қатысуымен баспасөз мәслихаты өтеді
Құрметті бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері! Сіздерді Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Әли Әлиев пен ойыншысы Алияр Мұхамедтің қатысуымен өтетін баспасөз мәслихатына қатысуға шақырамыз.

Беларусь – Қазақстан жолдастық матчының қарсаңында «Астана Арена» стадионында ұлттық құраманың баспасөз мәслихаты және ашық жаттығуы өтеді.

Баспасөз мәслихатына қатысу үшін ҚФФ баспасөз қызметіне press@kff.kz электронды поштасына қатысушының аты-жөні, БАҚ атауы және байланыс нөмірі көрсетілген өтінім жіберу қажет. Сонымен қатар +7 778 281 81 26 нөміріне қоңырау шалу немесе WhatsApp арқылы хабарласуға болады.

Медиажоспар:

4 маусым (сәрсенбі), «Астана Арена» стадионы (Астана қаласы)

10:15 – Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері мен ойыншысының қатысуымен баспасөз мәслихаты.

Бөлісу

Жаңалықтар

Жоғары