Максим Cамородов: «Біз тек жеңіс үшін ойнаймыз»

Максим Cамородов: «Біз тек жеңіс үшін ойнаймыз»

08 маусым 2025, 21:39
Максим Cамородов: «Біз тек жеңіс үшін ойнаймыз»
Қазақстан ұлттық құрамасының шабуылшысы Максим Самородов 2026 жылғы Әлем чемпионатына іріктеу кезеңі аясында өтетін Солтүстік Македонияға қарсы матч алдындағы баспасөз мәслихатында алдағы ойын туралы ой бөлісті.

– Дайындық қалыпты режимде жүріп жатыр. Жігіттердің бәрі бабында. Бапкер айтқандай, жарақат алғандарды есепке алмағанда, бәрі жеңіс үшін күресуге және соңына дейін ойнауға дайын.

– Дастан Сәтпаевпен өзара түсіністік қалай? Байланыс орнап үлгерді ме?

– Біз бұған дейін де бірге жаттығып жүрдік. Өзара түсіністік бар. Ал нақты нәтижені ертең алаңнан көресіздер деп үміттенемін.

– Ертең құрама «Астана Аренаға» оралады. Астана мен Алматыдағы ойынның қайсысында өзіңізді жайлы сезінесіз?

– Атмосфера жағынан алғанда, мен үшін «Астана Аренада» ойнау ыңғайлырақ. Мұндағы стадион көлемі үлкен, трибуналар жақын орналасқан, жүгіру жолдары жоқ – сол себепті жанкүйерлердің қолдауы да ерекше сезіледі. Жеке өзім үшін бұл жерде ойнау әлдеқайда жақсы.

Бөлісу

Жаңалықтар

Жоғары