Қазақстан жастар құрамасы Актөбеде Англиядан жеңілді
09 қыркүйек 2025, 01:06
Фото: КФФ
Құрлық біріншілігінің қазіргі жеңімпазы ағылшындар ойынды қарқынды бастап, 18-минутта Нванери, 23-минутта Беллингем гол соғып үлгерді.
Алғашқы таймда қонақтар басым болғанымен, екінші кезеңде алаң иелері біраз сәттерде ойын тізгінін қолға алып, қарсылас қақпасына қауіпті соққылар жасады. Дегенмен нәтиже өзгермей, матч 0:2 есебімен Англияның пайдасына аяқталды.
Қазақстан U-21 – Англия U-21 – 0:2 (0:2)
Голдар: Нванери 18, Беллингем 23
08.09.2025. Ақтөбе, Қобыланды батыр атындағы стадион
Жаңалықтар
07 қыр., 00:52
04 қыр., 22:53
03 қыр., 20:32
03 қыр., 20:20
02 қыр., 18:46
02 қыр., 13:00