Қазақстан құрамасы 2026 жылғы Еуропа чемпионатының финалдық кезеңіне шыға алмады

Қазақстан құрамасы 2026 жылғы Еуропа чемпионатының финалдық кезеңіне шыға алмады

23 қыркүйек 2025, 22:55
Қазақстан құрамасы 2026 жылғы Еуропа чемпионатының финалдық кезеңіне шыға алмады
Астанада футзалдан 2026 жылғы Еуропа чемпионатының жолдамасы үшін өткен Қазақстан мен Италия құрамалары арасындағы матч аяқталды.

Италияның Фасано қаласында өткен алғашқы матч алаң қожайындарының пайдасына 2:1 есебімен аяқталған болатын.

Қарымта ойында Кака бастаған ұлттық құрама негізгі уақытта 3:2 есебімен жеңіске жетті. Қазақстан құрамасы сапынан Дәурен Тұрсағұлов, Альберт Акбаликов көзге түсіп, Габлиэль Мотта өз қақпасына гол соқты.

Екі ойыннан кейін есеп 4:4 болып, Еуро-2026 жолдамасының тағдыры матч соңындағы пенальти сериясында шешілді. Бұл кезеңде Италия құрамасы 2:0 есебімен басым түсті.  

Қазақстан – Италия – 3:2, 0:2 м.с.п. (1:1)

Голдар: Тұрсағұлов 3 (1:0), Барикелло 8 (1:1), Акбаликов 17 (2:1), Турмена 32 (2:2), Мотта 35-автогол (3:2)    

Пенальти сериясы: Акбаликов (қақпашы), Турмена (0:1), Кнауб (қақпашы), Венансио (маңдайша), Дуглас (қақпашы), Мотта (0:2), Эдсон (қиыс кетті)

Ескертулер: Эдсон 7, Дуглас 17, Акбаликов 27, Абдуманапұлы 32 – Венансио 7, Пульвиренти 27, Роззети 38, Де Оливейра 45   

Қазақстан: Игита (К), Өтепбергенов – Эдсон, Есенаманов, Тұрсағұлов, Абдуманапұлы, Кнауб, Қайырбай, Дәрібай, Лео, Акбаликов, Дуглас, Оразов, Төреғазин

Бас бапкер – Кака

Италия: Беллобуоно, Дальчин – Роззети, Венансио, Либерти, Алекс Мерлим, Пульвиренти, К.Музумечи (К), Де Оливейра, Мотта, Гайо, Фортини, Турмена, Барикелло

Бас бапкер – Сальваторе Сампери

Төрешілер: Мартинес Флорес, Дельгадо Састре (екеуі де – Испания)

23 қыркүйек 2025 ж. Астана. «Жекпе-Жек». 

Бөлісу

Жаңалықтар

Жоғары