Қазақстан WU-19 құрамасы Шымкентте Үндістан құрамасына қарсы ойнайды

Қазақстан WU-19 құрамасы Шымкентте Үндістан құрамасына қарсы ойнайды

20 қазан 2025, 16:53
Қазақстан WU-19 құрамасы Шымкентте Үндістан құрамасына қарсы ойнайды
Қарашада 19 жасқа дейінгі Қазақстан қыздар құрамасы Үндістанның 20 жасқа дейінгі қыздар құрамасына қарсы екі жолдастық кездесу өткізеді.

Жанна Мальгаждарованың шәкірттері Шымкент қаласындағы «БИІК» спорт кешенінде оқу-жаттығу жиынын бастады. Бұл жиын Еуропа чемпионатына (WU-19) іріктеу кезеңі аясындағы матчтарға дайындық ретінде ұйымдастырылды. Іріктеу ойындары қарашаның соңында және желтоқсанның басында өтеді.

Оқу-жаттығу жиыны аясында Қазақстан WU-19 әйелдер құрамасы Үндістанның 20 жасқа дейінгі қыздар құрамасына қарсы екі жолдастық матч өткізуді жоспарлап отыр. Бұл ойындар 25 және 28 қазанда өтеді.

Қазақстан WU-19 қыздар құрамасына 25 ойыншы шақырылды:

Қақпашылар: Дидар Нәкен («Жеңіс»), Балауса Серікбай («Тобыл»), Аяна Тоқтарова («Қайрат»).

Қорғаушылар: Айзада Әділбек, Рамина Омарова, Ажар Шөкетаева (бәрі – «Астана»), Нұрсая Сұлтан («Ұлытау»), Дарья Толкачёва, Виктория Цыганова (екеуі де – «Қайрат»), Аружан Сәдуақасова («Томирис-Тұран»).

Жартылай қорғаушылар: Анель Досболова, Виктория Пересунько, Жанель Таласбаева (бәрі – «Қайрат»), Айсана Зекен («Астана»), Элина Ирисметова, Диана Сабыр ( (екеуі де – «Томирис-Тұран»), Елизавета Медведева («Ертіс»), Диана Нұрқабаева («Тобыл»), Анеля Мейманбай («Қайрат»).

Шабуылшылар: Жансезім Айсапар («Ұлытау»), Эльнура Катран («Томирис-Тұран»), Назым Алданазар, Томирис Рахатжан, Полина Тучина (бәрі – «Қайрат»).

Бапкерлік штаб: Жанна Мальгаждарова – аға бапкер, Сюзанна Корнецова – бапкердің көмекшісі, Константин Котов – фитнес-жаттықтырушы, Алина Овчинникова – қақпашылар жаттықтырушысы, Азамат Оспанов – дәрігер, Лилия Каримова – массажист, Бақдәулет Алтынбеков – бейнеоператор, Әлім Қайрлы – администратор, Серік Жүғралин – менеджер, Игорь Шпанера – ментор.

Бөлісу

Жаңалықтар

17 қаз., 12:11
Жоғары