Аян Әлжанов УЕФА Жасөспірімдер Лигасы матчына делегат болып тағайындалды

Аян Әлжанов УЕФА Жасөспірімдер Лигасы матчына делегат болып тағайындалды

01 қараша 2025, 17:44
Аян Әлжанов УЕФА Жасөспірімдер Лигасы матчына делегат болып тағайындалды
Қазақстандық маман Аян Әлжанов УЕФА Жасөспірімдер Лигасының чемпиондар жолы екінші кезеңі аясындағы «Фиорентина» (Италия) мен «Легия» (Польша) арасындағы матчқа делегат болып тағайындалды.

Ойын 5 қараша күні сағат 19:00-те Италияның Флоренция қаласындағы «Курва Фиесоле» стадионында өтеді.

Айта кету керек, УЕФА делегаты – бұл матчтағы УЕФА-ның ресми өкілі. Ол ойын алдындағы ұйымдастыру жиындарын басқарып, ойыннан кейін баға береді және матчтың спорттық, инфрақұрылымдық және қауіпсіздік аспектілерін үйлестіру жұмысымен айналысады.

Бөлісу

Жаңалықтар

Жоғары