УЕФА «A-Elite», «B-Youth» курсына тыңдаушыларды қабылдау басталды
31 наурыз 2026, 12:40
Ниеттілер ҚФФ ресми сайтындағы «Техникалық орталық» бөлімінде тіркеліп, толық өтінім формасын толтырып, талапқа сәйкес барлық құжатты жүктеп, үміткерлер тізіміне ену үшін өтінім беруі тиіс.
УЕФА «А-Elite» лицензиясына қойылатын талаптар:
- Үміткерде УЕФА-ның «А» санатындағы қолданыстағы лицензиясы болуы;
- Арнайы орта немесе жоғары дене шынықтыру білімінің болуы, оқу тілін (қазақ немесе орыс) жеткілікті деңгейде меңгеруі талап етіледі;
- Қажетті құжаттар: ойыншы және жаттықтырушы мансабы көрсетілген түйіндеме, жеке куәлік немесе паспорт көшірмесі, наркологиялық және психоневрологиялық диспансерлерден анықтамалар, сотталмағаны туралы анықтама;
- Футбол бойынша практикалық сабақтарға қатысуға денсаулығында қарсы көрсетілімдердің болмауы (денсаулық туралы анықтама);
- Оқу кезінде үміткер ел аумағында тиісті деңгейдегі футбол құрылымдарының бірінде тұрақты негізде жаттықтырушы ретінде практикалық қызмет атқару мүмкіндігіне ие болуы тиіс;
- Іріктеу кезінде тең жағдайда басымдық балалар-жасөспірімдер футболында (U16–U18 жас санаттары, академия немесе футбол орталығы) жұмыс істейтін жаттықтырушыларға беріледі.
УЕФА «В-Youth» лицензиясына қойылатын талаптар:
- Үміткерде УЕФА «В» санатындағы қолданыстағы лицензиясы болуы тиіс;
- «В» лицензиясын алғаннан кейін кемінде алты ай жаттықтырушы ретінде жұмыс тәжірибесі болуы қажет;
- Арнайы орта немесе жоғары дене шынықтыру білімінің болуы, оқу тілін (қазақ немесе орыс) жеткілікті деңгейде меңгеруі талап етіледі;
- Қажетті құжаттар: ойыншы және жаттықтырушы мансабы көрсетілген түйіндеме, жеке куәлік немесе паспорт көшірмесі, наркологиялық және психоневрологиялық диспансерлерден анықтамалар,сотталмағаны туралы анықтама;
- Футбол бойынша практикалық сабақтарға қатысуға денсаулығында қарсы көрсетілімдердің болмауы (денсаулық туралы анықтама);
- Оқу барысында үміткерде ҚР-да тиісті деңгейдегі футбол құрылымдарының бірінде тұрақты негізде жаттықтырушы ретінде практикалық қызмет атқару мүмкіндігінің болуы;
- Іріктеу кезінде тең жағдайда басымдық балалар-жасөспірімдер футболында (U13–U15 жас санаттары, академия немесе футбол орталығы) жұмыс істейтін жаттықтырушыларға беріледі.
Курстың өту форматы, құны және басталу мерзімі құжаттарды қабылдау аяқталғаннан кейін хабарланады.
Жаңалықтар
31 нау., 00:10
31 нау., 00:00
30 нау., 16:39
30 нау., 11:55
29 нау., 13:54
29 нау., 13:10