ҚФФ-ның бақылау, тәртіп және әдеп комитеті «Хан Тәңірі» футбол клубына қатысты шешім қабылдады
20 сәуір 2026, 11:40
БТӘК істің материалдарын қарау кезінде ҚФФ өкімін орындамай, қызметтік тексеріске кедергі келтіріп, ынтымақтастықтан бас тартқаны үшін Тәртіптік регламенттің 61-бабы 1-тармағына сәйкес тиісті шаралар қабылданды:
«Хан Тәңірі» футбол клубына 50 АЕК көлемінде айыппұл салынды. Ол 14 мамырға дейін төленуі тиіс;
Клуб ҚФФ жарыстар қауіпсіздігі және интегрити қызметіне сұратылған құжаттар мен жазбаша түсініктемелерді белгіленген мерзімде ұсынуға міндеттелді;
Бұл шешім орындалмаса, клубқа қосымша санкциялар, оның ішінде ұпайдан айыру, төменгі дивизионға түсіру, сондай-ақ жауапты тұлғаларға футбол қызметімен айналысуға тыйым салу шаралары қолданылуы мүмкін.
Жаңалықтар
20 сәу., 10:57
20 сәу., 10:46
19 сәу., 21:00
18 сәу., 22:13
17 сәу., 19:30