Қазақстан WU-16 қыздар құрамасы халықаралық турнирге қатысады

Қазақстан WU-16 қыздар құрамасы халықаралық турнирге қатысады

23 сәуір 2026, 17:37
Қазақстан WU-16 қыздар құрамасы халықаралық турнирге қатысады
16 жасқа дейінгі Қазақстан қыздар құрамасы Талғар қаласында өтетін Халықаралық УЕФА даму турниріне қатысады.

Турнирге Қазақстаннан бөлек Эстония, Израиль және Өзбекстан қыздар құрамалары қатысады. Матчтар 2, 4 және 8 мамыр күндері Талғардағы ҚФФ Ұлттық құрамалар базасында өтеді. 

Юлия Мамонова бастаған 16 жасқа дейінгі Қазақстан қыздар құрамасы Алматыда 25 сәуірде оқу-жаттығу жиынын бастайды. 

Ойындар күнтізбесі:

2 мамыр

10:30 – Қазақстан – Эстония
15:30 – Өзбекстан – Израиль

4 мамыр

10:30 – Эстония – Өзбекстан
15:30 – Қазақстан – Израиль

8 мамыр

10:30 – Израиль – Эстония
15:00 – Қазақстан – Өзбекстан

Турнирдің барлық ойындары KFF TV YouTube-арнасында тікелей эфирде көрсетіледі.

Бөлісу

Жаңалықтар

Жоғары