ҚФФ Бақылау, тәртіптік және этикалық комитетінің отырысы өтті
Бірінші лига. 6-тур
«Оңтүстік» – «Қайрат-Жастар»
2026 жылғы маусымдағы Футболдан Қазақстан Республикасы Бірінші лигасының аясында өткен «Оңтүстік» – «Қайрат-Жастар» командалары арасындағы 6-тур матчында команданың тәртіпсіз мінез-құлқы, яғни 3 (үш) ойыншының, жаттықтырушы көмекшісінің ескерту алуы және 1 (бір) ойыншының алаңнан қуылғаны үшін, ДР-дің 48-бабы 1-тармағына сәйкес «Оңтүстік» клубына 50 АЕК көлемінде айыппұл салынды. Айыппұл 2026 жылдың 19 маусымына дейін төленуі тиіс.
Екінші лига (оңтүстік-батыс). 6-тур
«Ордабасы Ж» – «Тараз Ж»
2026 жылғы маусымдағы Футболдан Қазақстан Республикасы Екінші лигасының (оңтүстік-батыс) аясында өткен «Ордабасы Ж» – «Тараз Ж» командалары арасындағы 6-тур матчында команданың тәртіпсіз мінез-құлқы, яғни 4 (төрт) ойыншының және ресми тұлғалардың ескерту алуы, сондай-ақ 1 (бір) ойыншының алаңнан қуылғаны үшін, ДР-дің 48-бабы 1-тармағына сәйкес «Тараз» клубына 30 АЕК көлемінде айыппұл салынды. Айыппұл 2026 жылдың 19 маусымына дейін төленуі тиіс.
«Атырау Ж» – «Жас Қыран»
2026 жылғы маусымдағы Футболдан Қазақстан Республикасы Екінші лигасының (оңтүстік-батыс) аясында өткен «Атырау Ж» – «Жас Қыран» командалары арасындағы 6-тур матчында біріншілік регламентінің талаптарын сақтамағаны, яғни матч алдындағы хаттаманың уақтылы толтырылмағаны үшін, ДР-дің 67-бабына сәйкес «Атырау» клубына ескерту жасалды.
«Хан-Тәңірі Ж» – «Қайсар Ж»
2026 жылғы маусымдағы Футболдан Қазақстан Республикасы Екінші лигасының (оңтүстік-батыс) аясында өткен «Хан-Тәңірі Ж» – «Қайсар Ж» командалары арасындағы 6-тур матчында допқа ойнау мүмкіндігі бола тұра, шамадан тыс күш қолданып, дөрекі ойнағаны үшін, ДР-дің 44-бабы 1-тармағының 2-тармақшасына сәйкес «Хан-Тәңірі» командасының ойыншысы Асанхан Омар 2 (екі) матчқа шеттетілді. Шеттету мерзімі 2026 жылдың 13 мамырынан бастап есептеледі.
Осы матчта біріншілік регламентінің талаптарын сақтамағаны, яғни матч алдындағы хаттаманың уақтылы толтырылмағаны үшін, ДР-дің 67-бабына сәйкес «Хан-Тәңірі» клубына ескерту жасалды.
Екінші лига (солтүстік-шығыс). 6-тур
«Алтай Ж» – «Аңсат»
2026 жылғы маусымдағы Футболдан Қазақстан Республикасы Екінші лигасының (солтүстік-шығыс) біріншілігі аясында өткен «Алтай Ж» – «Аңсат» командалары арасындағы 6-тур матчында біріншілік регламентінің талаптарын сақтамағаны, яғни ақпараттық таблоның уақтылы қосылмағаны үшін, ДР-дің 67-бабына сәйкес «Алтай» клубына ескерту жасалды.
«VPR Astana» – «Шахтер Ж»
2026 жылғы маусымдағы Футболдан Қазақстан Республикасы Екінші лигасының (солтүстік-шығыс) біріншілігі аясында өткен «VPR Astana» – «Шахтер Ж» командалары арасындағы 6-тур матчында команданың тәртіпсіз мінез-құлқы, яғни 6 (алты) ойыншының ескерту алғаны үшін, ДР-дің 48-бабы 1-тармағына сәйкес «ВПР» клубына 30 АЕК көлемінде айыппұл салынды. Айыппұл 2026 жылдың 19 маусымына дейін төленуі тиіс.
Осы матчта команданың тәртіпсіз мінез-құлқы, яғни 5 (бес) ойыншының ескерту алғаны үшін, ДР-дің 48-бабы 1-тармағына сәйкес «Шахтер» клубына 30 АЕК көлемінде айыппұл салынды. Айыппұл 2026 жылдың 19 маусымына дейін төленуі тиіс.
OLIMPBET-Қазақстан Кубогы. 1/4 финал
«Ордабасы» – «Жетісу»
2026 жылғы маусымдағы Футболдан OLIMPBET-Қазақстан Республикасы Кубогының 1/4 финалы аясында өткен «Ордабасы» – «Жетісу» командалары арасындағы матчта команданың тәртіпсіз мінез-құлқы, яғни 4 (төрт) ойыншының және қақпашылар жаттықтырушысының ескерту алғаны үшін, ДР-дің 48-бабы 1-тармағына сәйкес «Ордабасы» клубына 50 АЕК көлемінде айыппұл салынды. Айыппұл 2026 жылдың 19 маусымына дейін төленуі тиіс.
«Ақтөбе» – «Алтай»
2026 жылғы маусымдағы Футболдан OLIMPBET-Қазақстан Республикасы Кубогының 1/4 финалы аясында өткен «Ақтөбе» – «Алтай» командалары арасындағы матчта команданың тәртіпсіз мінез-құлқы, яғни 5 (бес) ойыншының және бас жаттықтырушының ескерту алғаны үшін, ДР-дің 48-бабы 1-тармағына сәйкес «Ақтөбе» клубына 50 АЕК көлемінде айыппұл салынды. Айыппұл 2026 жылдың 19 маусымына дейін төленуі тиіс.
Осы матчта команданың тәртіпсіз мінез-құлқы, яғни 4 (төрт) ойыншының және бас жаттықтырушының ескерту алғаны үшін, ДР-дің 48-бабы 1-тармағына сәйкес «Алтай» клубына 50 АЕК көлемінде айыппұл салынды. Айыппұл 2026 жылдың 19 маусымына дейін төленуі тиіс.
«Қайсар» – «Тобыл»
2026 жылғы маусымдағы Футболдан OLIMPBET-Қазақстан Республикасы Кубогының 1/4 финалы аясында өткен «Қайсар» – «Тобыл» командалары арасындағы матчта команданың тәртіпсіз мінез-құлқы, яғни 5 (бес) ойыншының ескерту алғаны үшін, ДР-дің 48-бабы 1-тармағына сәйкес «Тобыл» клубына 50 АЕК көлемінде айыппұл салынды. Айыппұл 2026 жылдың 19 маусымына дейін төленуі тиіс.
Осы матчта қайталанған тәртіп бұзушылық, жарыс регламентінің талаптарын сақтамағаны, яғни матч хаттамасына енгізілмеген команда өкілі Нияз Шугаевтың техникалық аймақта болғаны үшін, ДР-дің 67-бабына сәйкес «Тобыл» клубына 60 АЕК көлемінде айыппұл салынды. Айыппұл 2026 жылдың 19 маусымына дейін төленуі тиіс.
Осы матчта жанкүйерлердің мінез-құлқы, яғни файер жағып және қарсылас команда бағытына зат лақтырғаны үшін, ДР-дің 64-бабы 1-тармағына сәйкес «Қайсар» клубына 60 АЕК көлемінде айыппұл салынды. Айыппұл 2026 жылдың 19 маусымына дейін төленуі тиіс.
Премьер-Лига. 10-тур
«Ертіс» – «Елімай»
2026 жылғы Премьер-Лига клубтары арасындағы Футболдан Қазақстан Республикасы Чемпионатының 10-туры аясында өткен «Ертіс» – «Елімай» командалары арасындағы матчты тиісті деңгейде ұйымдастырмағаны және чемпионат регламентінің талаптарын сақтамағаны, яғни өрт сөндіру машинасының стадионға кешігіп келуі, сондай-ақ төрешілер бригадасына көлік құралының уақтылы берілмегені үшін, ДР-дің 67-бабына сәйкес «Ертіс» клубына ескерту жасалды.
«Оқжетпес» – «Астана»
2026 жылғы Премьер-Лига клубтары арасындағы Футболдан Қазақстан Республикасы Чемпионатының 10-туры аясында өткен «Оқжетпес» – «Астана» командалары арасындағы матчта допқа ойнау мүмкіндігі бола тұра, шамадан тыс күш қолданып, дөрекі ойнағаны үшін, ДР-дің 44-бабы 1-тармағының 2-тармақшасына сәйкес «Астана» командасының ойыншысы Иван Башич 2 (екі) матчқа шеттетілді. Шеттету мерзімі 2026 жылдың 17 мамырынан бастап есептеледі.
«Ордабасы» – «Жетісу»
2026 жылғы Премьер-Лига клубтары арасындағы Футболдан Қазақстан Республикасы Чемпионатының 10-туры аясында өткен «Ордабасы» – «Жетісу» командалары арасындағы матчта команданың тәртіпсіз мінез-құлқы, яғни 1 (бір) ойыншының және бас жаттықтырушының алаңнан қуылғаны үшін, ДР-дің 48-бабы 2-тармағына сәйкес «Жетісу» клубына 100 АЕК көлемінде айыппұл салынды. Айыппұл 2026 жылдың 19 маусымына дейін төленуі тиіс.
Осы матчта матчтың ресми тұлғасының атына қорлау сөздерін қолданып, спортқа жат мінез-құлық көрсеткені үшін, ДР-дің 45-бабына сәйкес «Жетісу» командасының бас жаттықтырушысы Қайрат Нұрдәулетов 4 (төрт) матчқа шеттетілді. Шеттету мерзімі 2026 жылдың 18 мамырынан бастап есептеледі.
«Ұлытау» – «Каспий»
2026 жылғы Премьер-Лига клубтары арасындағы Футболдан Қазақстан Республикасы Чемпионатының 10-туры аясында өткен «Ұлытау» – «Каспий» командалары арасындағы матчта команданың тәртіпсіз мінез-құлқы, яғни 6 (алты) ойыншының ескерту алғаны үшін, ДР-дің 48-бабы 1-тармағына сәйкес «Ұлытау» клубына 100 АЕК көлемінде айыппұл салынды. Айыппұл 2026 жылдың 19 маусымына дейін төленуі тиіс.
Осы матчта команданың тәртіпсіз мінез-құлқы, яғни 7 (жеті) ойыншының ескерту алғаны үшін, ДР-дің 48-бабы 1-тармағына сәйкес «Каспий» клубына 100 АЕК көлемінде айыппұл салынды. Айыппұл 2026 жылдың 19 маусымына дейін төленуі тиіс.
Премьер-Лига. 21-тур
«Ақтөбе» – «Атырау»
2026 жылғы Премьер-Лига клубтары арасындағы Футболдан Қазақстан Республикасы Чемпионатының 21-туры аясында өткен «Ақтөбе» – «Атырау» командалары арасындағы матчта команданың тәртіпсіз мінез-құлқы, яғни 4 (төрт) ойыншының және қақпашылар жаттықтырушысының ескерту алғаны үшін, ДР-дің 48-бабы 1-тармағына сәйкес «Ақтөбе» клубына 100 АЕК көлемінде айыппұл салынды. Айыппұл 2026 жылдың 19 маусымына дейін төленуі тиіс.
Осы матчта жанкүйерлердің тәртіпсіз мінез-құлқы, яғни матч бойы микрофон мен рупорды қолданғаны, сондай-ақ матчтың ресми тұлғасының атына балағат сөздер айтқаны үшін, ДР-дің 64-бабы 1-тармағына сәйкес «Атырау» клубына 80 АЕК көлемінде айыппұл салынды. Айыппұл 2026 жылдың 19 маусымына дейін төленуі тиіс.
Қазақстан әйелдер чемпионаты. B конференциясы. 3 тур
«Ертіс Павлодар Ә» – «Шахтер Ә»
2026 жылғы маусымдағы Әйелдер командалары арасындағы Футболдан Қазақстан Республикасы Чемпионатының В Конференциясының 3-туры аясында өткен «Ертіс Павлодар Ә» – «Шахтер Ә» командалары арасындағы матч тиісті деңгейде ұйымдастырмағаны және чемпионат регламентіиің талаптарын сақтамағаны, яғни матчта өрт сөндіру машинасының болмағаны үшін, ДР-дің 67-бабына сәйкес «Ертіс» клубына ескерту жасалды.
Қазақстан әйелдер чемпионаты. А конференциясы. 4 тур
«Жетісу Ә» – «БИІК-Шымкент»
2026 жылғы маусымдағы Әйелдер командалары арасындағы Футболдан Қазақстан Республикасы Чемпионатының А конференциясы аясында өткен 4-тур матчының алдындағы жаттығуға қарсылас командаға көлік құралын уақтылы ұсынбағаны, яғни тиісті деңгейде ұйымдастырмағаны және чемпионат регламентінің талаптарын сақтамағаны үшін, ДР-дің 67-бабына сәйкес «Жетісу» клубына ескерту жасалды.
«Ордабасы»
ДР-дің 32-бабы 3-тармағына сәйкес «Ордабасы» клубының бас бапкері Андрей Мартинге қатысты шеттету санкциясының орындалуы 19.05.2026 ж. бастап ішінара тоқтатылады. ДР-дің 32-бабы 4-тармағына сәйкес «Ордабасы» клубының бас бапкері Андрей Мартинге 19.05.2026 ж. бастап ұзақтығы 6 (алты) ай мерзімге сынақ мерзімі тағайындалады.
Freedom QJ League U17
«Қайрат 2010» – «ҚФФ Академиясы 2010»
2026 жылғы маусымдағы Freedom QJ League U17 аясында өткен «Қайрат 2010» – «ҚФФ Академиясы 2010» командалары арасындағы 5-тур матчында допқа ойнау мүмкіндігі бола тұра дөрекі ойнағаны үшін, ДР-дің 44-бабы 1-тармағының 2-тармақшасына сәйкес «ҚФФ Академиясы 2010» командасының ойыншысы Евгений Кравцов 2 (екі) матчқа шеттетілді. Шеттету мерзімі 2026 жылдың 17 мамырынан бастап есептеледі.
«Шахтер 2010» – «Тобыл 2010»
2026 жылғы маусымдағы Freedom QJ League U17 аясында өткен «Шахтер 2010» – «Тобыл 2010» командалары арасындағы 5-тур матчында команданың тәртіпсіз мінез-құлқы, яғни 6 (алты) ойыншының, бас жаттықтырушының ескерту алуы және 1 (бір) ойыншының алаңнан қуылғаны үшін, ДР-дің 48-бабы 1-тармағына және ДР №1 қосымшасына сәйкес «Шахтер» клубына 30 АЕК көлемінде айыппұл салынды. Айыппұл 2026 жылдың 19 маусымына дейін төленуі тиіс.
Осы матчта допқа ойнау мүмкіндігі жоқ бола тұра, шамадан тыс күш қолданып, дөрекі ойнағаны үшін, ДР-дің 44-бабы 1-тармағының 2-тармақшасына сәйкес «Шахтер 2010» командасының ойыншысы Али Садырбаев 3 (үш) матчқа шеттетілді. Шеттету мерзімі 2026 жылдың 17 мамырынан бастап есептеледі.
«Ертіс» – «Астана»
2026 жылғы маусымдағы Freedom QJ League U17 (A), U18 (A) аясында өткен «Ертіс» – «Астана» командалары арасындағы 5-тур матчтарында өрт сөндіру машинасының және диктордың болмауы және тиісті деңгейде ұйымдастырмағаны үшін, ДР-дің 67-бабына сәйкес «Ертіс» клубына ескерту жасалды. «Ертіс» келесі матчқа дейін анықталған бұзушылықты жою тиіс.
Freedom QJ League U15
«Ақтөбе 2012» – «Тараз 2012»
2026 жылғы маусымдағы Freedom QJ League U15 аясында өткен «Ақтөбе 2012» – «Тараз 2012» командалары арасындағы 5-тур матчында тиісті деңгейде ұйымдастырмағаны, жарыс регламентінің талаптарын сақтамағаны, яғни қауіпсіздік қызметінің болмауы және ресми тұлғалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етпегені үшін, ДР-дің 63-бабы 1-тармағына сәйкес «Ақтөбе» клубына 20 АЕК көлемінде айыппұл салынды. Айыппұл 2026 жылдың 19 маусымына дейін төленуі тиіс.
«Астана 2012» – «Ертіс 2012»
2026 жылғы маусымдағы Freedom QJ League U15 аясында өткен «Астана 2012» – «Ертіс 2012» командалары арасындағы 5-тур матчында допқа ойнау мүмкіндігі бола тұра дөрекі ойнағаны үшін, ДР-дің 44-бабы 1-тармағының 2-тармақшасына сәйкес «Астана 2012» командасының ойыншысы Зейнабил Наби 2 (екі) матчқа шеттетілді. Шеттету мерзімі 2026 жылдың 18 мамырынан бастап есептеледі.
Freedom QJ League U16
«Ақтөбе 2011» – «Тараз 2011»
2026 жылғы маусымдағы Freedom QJ League U16 аясында өткен «Ақтөбе 2011» – «Тараз 2011» командалары арасындағы 5-тур матчында допқа ойнау мүмкіндігі бола тұра дөрекі ойнағаны үшін, ДР-дің 44-бабы 1-тармағының 2-тармақшасына сәйкес «Ақтөбе 2011» командасының ойыншысы Сұлтан Саматов 2 (екі) матчқа шеттетілді. Шеттету мерзімі 2026 жылдың 17 мамырынан бастап есептеледі.
Осы матчта құқық қорғау органдары қызметкерлерінің болмауы және матчтың тиісті деңгейде ұйымдастырылмағаны үшін, соның салдарынан ойын аяқталғаннан кейін алаңға жанкүйерлердің жаппай жүгіріп шыққаны үшін, ДР-дің 63-бабы 1-тармағына, ДР №1 қосымшаға және 37-бапқа сәйкес «Ақтөбе» клубына 20 АЕК көлемінде айыппұл салынды. Айыппұл 2026 жылдың 19 маусымына дейін төленуі тиіс.
«Тобыл 2011» – «Шахтер 2011»
2026 жылғы маусымдағы Freedom QJ League U16 аясында өткен «Тобыл 2011» – «Шахтер 2011» командалары арасындағы 5-тур матчында допқа ойнау мүмкіндігі бола тұра дөрекі ойнағаны үшін, ДР-дің 44-бабы 1-тармағының 2-тармақшасына сәйкес «Тобыл 2011» командасының ойыншысы Кирилл Захаров 2 (екі) матчқа шеттетілді. Шеттету мерзімі 2026 жылдың 17 мамырынан бастап есептеледі.
Freedom QJ League B
«Елімай» – «Жайық»
2026 жылғы маусымдағы Freedom QJ League B аясында өткен «Елімай» – «Жайық» командалары арасындағы 3-тур матчында ойын кезінде қарсыласын ұрғаны үшін, ДР-дің 44-бабы 1-тармағының 4-тармақшасына сәйкес «Елімай» командасының ойыншысы Мирас Садықов 5 (бес) матчқа шеттетілді. Шеттету мерзімі 2026 жылдың 17 мамырынан бастап есептеледі.
Freedom QJ League 2026
«Каспий» – «Қайсар»
2026 жылғы маусымдағы Freedom QJ League аясында өткен «Каспий» – «Қайсар» командалары арасындағы 5-тур матчында команданың тәртіпсіз мінез-құлқы, яғни 2 (екі) ойыншының алаңнан қуылғаны үшін, ДР-дің 48-бабы 2-тармағына және ДР №1 қосымшасына сәйкес «Қайсар» клубына 20 АЕК көлемінде айыппұл салынды. Айыппұл 2026 жылдың 19 маусымына дейін төленуі тиіс.
Осы матчта матчтың ресми тұлғаларының атына балағат сөздер айтып, спортқа жат мінез-құлық көрсеткені үшін, ДР-дің 45-бабына сәйкес «Қайсар» командасының ойыншысы Самира Бахытжан 4 (төрт) матчқа шеттетілді. Шеттету мерзімі 2026 жылдың 18 мамырынан бастап есептеледі.