Қазақстан U-16 құрамасының Қырғызстанға қарсы жолдастық кездесулерге арналған ойыншылар тізімі

Қазақстан U-16 құрамасының Қырғызстанға қарсы жолдастық кездесулерге арналған ойыншылар тізімі

26 мамыр 2026, 16:30
Қазақстан U-16  құрамасының Қырғызстанға қарсы жолдастық кездесулерге арналған ойыншылар тізімі
16 жасқа дейінгі Қазақстан жасөспірімдер құрамасы маусым айында Қырғызстан құрамасымен екі рет жолдастық матч өткізеді.

Ойындар Шымкент қаласындағы «БИІК» спорт кешенінде өтеді. Алғашқы кездесу 5 маусымға белгіленсе, екінші матч 8 маусымға жоспарланған.

Тізімге 25 футболшы енді:

Қақпашылар: Синан Тұран («Қайрат»), Евгений Кравцов, Әділет Омар (екеуі де – ҚФФ Академиясы);

Қорғаушылар: Ернат Бағытжан, Зейнулла Абибулла, Жансейіт Әбужүсіп (барлығы – ҚФФ академиясы), Нұрым Еркенұлы, Арлан Алтыбаев (екеуі де – «Шахтер»), Ришад Құрбаниязов («Ақтөбе»), Трофим Кригер, Бекнұр Нұрман, Кирилл Плачинда (барлығы – «Қайрат»);

Жартылай қорғаушылар: Абзал Әділхан, Әлихан Қуандық (екеуі де – ҚФФ академиясы), Нұрәділ Жанғазиев («Ақтөбе»), Даниял Сағынділдә («Ордабасы»), Қайсар Әнуарбек («Қайрат»), Максим Бонет («Шахтер»);

Шабуылшылар: Динур Қабыл, Мансұр Ақылбек, Ерасыл Ибадулла (барлығы – ҚФФ академиясы), Азамат Құттымұрат, Дастан Рүстем (екеуі де – «Қайрат»), Дамир Данабаев («Ақтөбе»), Никита Духов («Шахтер»).

Бөлісу

Жаңалықтар

Жоғары