Қазақстан U-16 құрамасы жолдастық кездесуде Қырғызстанды жеңді
Кездесудің тағдырын шешкен жалғыз гол 13 минутта пенальтиден соғылды. Никита Духов мүлт кетпей, командасын алға шығарды. Нәтижесінде Қазақстан U-16 құрамасы Қырғызстанды 1:0 есебімен жеңді.
Қос ұжымның келесі жолдастық кездесуі 8 маусым күні сағат 10:00-да Шымкент қаласындағы «Намыс» стадионда өтеді.
Қазақстан U-16 – Қырғызстан U-16 – 1:0 (1:0)
Гол: Духов 13 (п)
Қазақстан U-16: Кравцов (Қ), Плачинда, Абибулла, Кригер, Бағытжан, Қуандық, Әділхан, Әнуарбек, Қабыл, Ибатулла, Духов;
Қосалқы құрам: Тұран, Омар, Бекнұр ,Ақылбек, Еркенұлы, Жанғазиев, Әбужүсіп, Алтыбаев, Рүстем, Данабаев, Құрбаниязов;
Аға бапкер: Асхат Құсайнов
Қырғызстан U-16: Легкоступов (Қ), Асанбеков, Асылбеков, Болотов, Жанышбеков, Жұмабеков, Қасымов, Мұратбеков, Темирбеков, Саамайбеков, Маматов.
Қосалқы құрам: Шерматов (Қ), Камилжанов, Салымбаев, Тогонбаев, Легкоступов, Эмилбеков, Джеенбаев, Максатов, Камчиев.
Аға бапкер: Игорь Кудренко
5 маусым, 2026. «Намыс» стадионы, Шымкент.