Футбол үйінде «Atlético de Madrid» клубымен меморандумға қол қойылды
11 маусым 2024, 19:33
Меморандумға сәйкес, тараптар спорттық оқу-жаттығу орталығының құрылысы мен элиталық білім беру бойынша тәжірибе алмасады, сонымен қатар «Atlético de Madrid» стратегиялық қызмет атқарады.
Жоба аясында Алматы облысы Талғар қаласында Ақбұлақ Олимпиадалық орталығының базасында спорттық-білім беру академиясын құру жоспарланып отыр. Академияда заманауи стандарттарға сай футбол алаңдары, спорт залдары, оқу сыныптары мен медициналық-оңалту орталығы болады.
Жаттықтырушылар құрамына Испаниядан жоғары білікті бапкерлер шақырылады. Жас футболшылар «Atlético de Madrid» әдісі бойынша дайындалып, арнайы грант арқылы Испанияда жаттығуға мүмкіндік алады.
Жаңалықтар
11 мау., 17:32
10 мау., 23:51
09 мау., 21:09
08 мау., 00:50
08 мау., 00:10