Александр Кеплин УЕФА Еуропа Лигасының «Штутгарт» – «Сельта» матчына делегат болып тағайындалды
24 қыркүйек 2025, 16:34
Ойын 26 қыркүйек күні сағат 00:00-де Штутгарт қаласындағы MHPArena стадионында өтеді.
Александр Кеплин – Қазақстан футбол федерациясының сыртқы байланыстар және өңірлік қатынастар департаментінің директоры. Ол 2018 жылдың наурыз айынан бастап УЕФА матчтарының делегаты болып келеді.
Айта кету керек, УЕФА делегаты – бұл матчтағы УЕФА-ның ресми өкілі. Ол ойын алдындағы ұйымдастыру жиындарын басқарып, ойыннан кейін баға береді және матчтың спорттық, инфрақұрылымдық және қауіпсіздік аспектілерін үйлестіру жұмысымен айналысады.
Жаңалықтар
24 қыр., 12:40
24 қыр., 00:00
23 қыр., 23:40
23 қыр., 23:20
23 қыр., 23:00
23 қыр., 10:26
22 қыр., 20:00