Жағажай футболынан Республикалық турнирлерге қатысуға өтінімдер қабылдау басталды
02 сәуір 2026, 16:59
Қазақстан футбол федерациясы 2026 жылы жағажай футболынан ұлттық жарыстар өтетінін хабарлайды. Қазақстан Республикасының кубогы маусым айында, ал ұлттық чемпионат шілде-тамыз айларында өтеді.
Қатысуға Қазақстанның барлық аймақтарынан командалар шақырылады. Турнирлер елдегі жағажай футболын дамыту және танымал ету, сондай-ақ командалар мен ойыншылардың деңгейін арттыруға бағытталған.
Қатыскысы келетін командалар алдын ала өтінім беріп, жарыс талаптарымен танысуы керек. Толық ережелерді ҚФФ ресми сайтынан табуға болады.
Байланыс: beach.soccer@kff.kz
Жаңалықтар
01 сәу., 22:59
01 сәу., 00:30
31 нау., 22:30