Қазақстан U-17 құрамасы Әзербайжанды ірі есеппен жеңді
Русланжан Раимбакиевтің шәкірттері Ғабала қаласындағы алғашқы жолдастық матчты 5:2 есебімен өз пайдасына аяқтады. Біздің команда құрамында Роман Черноморец, Тамерлан Сарсымбаев, Бекасыл Қанат және дубль авторы атанған Әнуар Төленді мергендік танытты.
Әзербайжан және Қазақстан U-17 құрамалары арасындағы екінші кездесу 9 маусым күні өтеді.
Әзербайжан U-17 – Қазақстан U-17 – 2:5
Голдар: Рашадов 19, Хачизаде 24 – Черноморец 36, Сарсымбаев 47, Қанат 64, Төленді 68, Төленді 72.
Әзербайжан U-17: Хачиев (Қ), Кулиев, Садиков (Фарзали 38), Набиев, Хусейн (Асгарзаде 66), Маммадали (Ахмедзаде 66), Хусейнзаде (Шикар 77), Хачизаде (Нур-Карим 77), Баширов (К) (Шейдаев 77), Алиев (Балакшиев 51), Рашадов (Абилов 46);
Қосалқы құрам: Бабаев (Қ), Аббаслы (Қ), Нур-Карим, Фарзали, Балакишиев, Ахметзаде, Шикар, Абдуллаев, Шейдаев, Асгарзаде, Орусов, Абилов;
Аға бапкер: Акиль Набиев
Қазақстан U-17: Заманбек (Қ) (Асхат 61), Датхабаев (Турищев 61), Әбди (К) (Дұтпаев 75), Рашидов (Қаси 73), Гречка (Қалмаханбек 73), Садырбаев (Аман 73), Зәру (Абжапар 61), Хасанов (Салимов 46), Сұлтанов (Асан 46), Сарсымбаев (Төленді 61), Черноморец (Қанат 61);
Қосалқы құрам: Ковальчук (Қ), Асхат (Қ), Турищев, Қаси, Салимов, Төленді, Қалмаханбек, Абжапар, Асан, Қанат, Дұтпаев, Аман;
Аға бапкер: Русланжан Раимбакиев.
06.06.2026. Габала, Әзербайжан.