Қазақстан U-17 құрамасы сырт алаңдағы жолдастық кездесуде Әзербайжанды екінші рет жеңді
Тартысты өткен ойынның тағдыры тек матчтың соңғы минуттарында шешілді. Нұрали Салимовтің әуелете бағыттаған пасынан кейін Қазақстан құрамасының шабуылшысы Тамерлан Сарсымбаев дәл соққы жасап, командасына маңызды жеңіс сыйлады – 1:0.
Естеріңізге сала кетейік, 6 маусым күні өткен алғашқы жолдастық кездесуде отандық жасөспірімдер 5:2 есебімен ірі әрі жігерлі жеңіске жеткен болатын. Осылайша, Русланжан Раимбакиевтің шәкірттері Әзербайжандағы матчтарды жүз пайыздық нәтижемен аяқтады.
Әзербайжан U-17 – Қазақстан U-17 – 0:1 (0:0)
Гол: Сарсымбаев
Қазақстан U-17: Ковальчук (Қ), Турищев, Қаси, Рашидов (К), Гречка, Садырбаев, Хасанов, Абжапар, Асан, Қанат, Төленді;
Қосалқы құрам: Заманбек (Қ), Асхат (Қ), Әбди, Сарсымбаев, Салимов, Зәру, Дәуренов, Қалмаханбек, Датхабаев, Черноморец, Дұтпаев, Аман;
Аға бапкер: Русланжан Раимбакиев
09.06.2026. Габала, Әзербайжан.