«Ақтөбе» әйелдер арасындағы УЕФА Чемпиондар лигасының іріктеу матчтарын қабылдайды

«Ақтөбе» әйелдер арасындағы УЕФА Чемпиондар лигасының іріктеу матчтарын қабылдайды

23 маусым 2026, 11:06
«Ақтөбе» әйелдер арасындағы УЕФА Чемпиондар лигасының іріктеу матчтарын қабылдайды
Әйелдер арасындағы УЕФА Чемпиондар лигасының 2026/27 жылғы маусымындағы іріктеу кезеңінің жеребесі тартылып, оның қорытындысы бойынша Қазақстан чемпионы – «Ақтөбе» ӘФК қатысатын мини-турнирдің қарсыластары мен өтетін орны анықталды.

Жеребе нәтижесінде ақтөбелік ұжым 3-топқа түсті. Осы мини-турнир аясында келесі кезеңге жолдама алу үшін «Брейдаблик» (Исландия), «Серветт» (Швейцария) және «Динамо-Минск» (Беларусь) командалары бақ сынайды. Мини-турнирдің қожайыны әрі ұйымдастырушысы болып Ақтөбе қаласы бекітілді. Квартеттің барлық матчтары Қобыланды батыр атындағы Орталық стадионда өтеді.

Жолдама үшін тартыс 5 тамызда жартылай финалдық кездесулерден басталады, оның бірінде «Ақтөбе» исландиялық «Брейдабликпен» күш сынасса, қатар ойында «Динамо-Минск» пен «Серветт» өзара мықтыны анықтайды. Ал 8 тамызда командалар шешуші ойындарын өткізеді: жартылай финалда жеңіске жеткендер шешуші матчта кездессе, ұтылған ұжымдар үшінші орын үшін өтетін бәсекеде алаңға шығады.

Мини-турнир қорытындысы бойынша екінші орын алған команда еурокубок маусымын әйелдер арасындағы Еуропа кубогының екінші іріктеу кезеңінде жалғастырады. Ал үшінші орынға табан тіреген ұжым осы турнирдің бірінші іріктеу кезеңіне аттанады. Басты жүлде – әйелдер арасындағы УЕФА Чемпиондар лигасының үшінші іріктеу кезеңіне берілетін жолдаманы тек топ жеңімпазы ғана иеленеді.

Чемпиондар лигасының аталмыш кезеңінде барлығы 19 команда бақ сынайды. Айта кету керек, бірінші іріктеу кезеңінің негізгі матчтары 22 және 25 шілдеге жоспарланған, алайда мини-турнирлердің кестесіне байланысты «Ақтөбе» қатысатын топтың ойындары тамыздың бірінші аптасына ауыстырылды. Іріктеудің екінші кезеңінде бес үздік командаға тағы 39 еуропалық клуб қосылады.

Бөлісу

Жаңалықтар

Жоғары