Қазақстан U-19 жасөспірімдер құрамасы Еуро-2027 іріктеу кезеңінің екінші раундына шықты
Салоники қаласындағы «Тумба» стадионында өткен кездесу Тимур Қасымов шәкірттерінің 2:4 есебімен жеңілісімен аяқталды. Біздің команда сапында Аламгир Смаков пен Исмаил Бекболат гол соқты.
Осы жеңіліске қарамастан, Қазақстан U-19 жасөспірімдер құрамасы үш матчтан кейін 4 ұпай жинап, іріктеу тобында үшінші орынға тұрақтады. Бұл нәтиже құрамамызға келесі кезеңге өтуге және А Лигасындағы орнын сақтап қалуға мүмкіндік берді.
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Қазақстан жасөспірімдер құрамасы Португалиямен тең ойнап (1:1), Сербиядан басым түскен (3:1) болатын.
Еуро-2027 іріктеу кезеңі аясындағы А Лигасының екінші раунд ойындары қараша айында өтеді.
Қазақстан U-19 – Грекия U-19 – 2:4 (0:2)
Голдар: Бекболат 77, Смаков 84 – Аврамулис 32, Бердос 41, 52, Турсунидис 50
Ескертулер: Нұрғали 32
Қазақстан U-19: Буч (Қ), Қалықұлов, Мамедов, Кеңесбеков (Мұсайыпов 57), Қалиев, Нұрболат (Қағазбаев 46), Петрик (Латурнус 66), Исмағұлов, Төлеухан (Смақов 57), Бекболат, Нұрғали (Керімхан 46);
Қосалқы құрам: Гайнуллин (Қ), Артурұлы, Жексенбек, Молдағалиев.
Грекия U-19: Криарас (Қ), Авгитидис, Аврамулис, Каиноургиакис, Кирьязидис, Капеллас (Турсунидис 46), Гьока, Христопулос (Теокарис 66), Циокос (Аретис 86), Бердос (Венетис 66), Ианноу (Ситмалидис 59);
Қосалқы құрам: Стамеллос (Қ), Вынтра, Сидиропулос, Кнарис.
09.06.2026. «Тумба» стадионы, Салоники (Грекия).