Талғат Байсуфинов: «Жігіттер соңына дейін күресті»

Талғат Байсуфинов: «Жігіттер соңына дейін күресті»

10 маусым 2026, 02:00
Талғат Байсуфинов: «Жігіттер соңына дейін күресті»
Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Талғат Байсуфинов Мажарстанмен жолдастық матч кейін баспасөз мәслихатын өткізді.

- Бізге бұл ойында не қажет болды, соны орындадық деп ойлаймын. Команда өз мінезін көрсетті. Кейбір шешімдер бізге қарсы болғандай көрінсе де, жігіттер соңына дейін күресті.

Ойыннан кейін футболшыларға үлкен алғысымды білдірдім. Бүгін оларға ең бастысы тұрақтылық туралы айттым. Егер осы деңгейді сақтай алсақ, күздегі ойындарға жақсы дайындықпен барамыз. Енді барлығы клубтарына оралады. Сондықтан жігіттерден Қазақстанға барып, клубтарында да осы ойын мәнерін, осы философияны сақтауды сұрадым. Егер соны жалғастыра алсақ, ұлттық құрамаға күзде әлдеқайда жеңіл болады.

Бүгін біз Қазақстан құрамасына тән мінезді тағы да көрсеттік. Бұл – эмоция, бұл – мінез. Қажет кезде өзіңді дәлелдеу, соңына дейін күресу, жеңіске деген ұмтылыс.

Армениямен болған матч та өте қарқынды өтті, бүгін де солай болды. Соған қарамастан жігіттер ойын соңына дейін күшін сақтап, біз талап еткен тәртіп пен жоспарды орындады. Бұл мені қуантады.

Кез келген команда матчтың соңында гол соғуға мүмкіндік болса, соған ұмтылады. Біз де солай жасадық. Жігіттер алаңда барын салды, өздерінің мінезін көрсетті. Сондықтан олардың шабуылға ұмтылғанын тоқтатуға себеп болған жоқ.
 

Бөлісу
Жоғары