ҚФФ Бақылау, тәртіптік және этикалық комитетінің отырысы өтті
Премьер-лига. 13-тур
«Елімай» – «Ордабасы»
Қазақстан Республикасы Премьер-лига клубтары арасындағы футболдан Қазақстан чемпионатының 13-туры аясындағы «Елімай» – «Ордабасы» матчында алаңның ортасында бас төрешіге физикалық қысым көрсетуге әрекеттену арқылы спорттық емес мінез-құлық танытқаны үшін Тәртіптік регламенттің 45-бабына сәйкес «Елімай» командасының ойыншысы Жан Әли Пайруз 4 (төрт) матчқа ойыннан шеттетілсін. Шеттету мерзімі 2026 жылғы 15 маусымнан бастап есептелсін.
Қазақстан Республикасы Премьер-лига клубтары арасындағы футболдан Қазақстан чемпионатының 13-туры аясындағы «Елімай» – «Ордабасы» матчынан кейін матчтың ресми тұлғаның әрекеттерімен агрессивті түрде келіспеушілік білдіріп, ойыншылар, клуб өкілдері мен төрешілер бригадасы арасында жанжалдың туындауына себеп болғаны, сондай-ақ беделге нұқсан келтіретін мәлімдемелер жасағаны үшін ҚФФ Әдеп кодексінің 6-тарауының 23-тармағын, 15-тарауының 48-тармағын және Тәртіптік регламенттің 45-бабын басшылыққа ала отырып, «Елімай» командасының бас бапкері Андрей Владимирович Карпович 4 (төрт) матчқа шеттетілсін. Шеттету мерзімі 2026 жылғы 15 маусымнан бастап есептелсін.
Матчтың ресми тұлғасына қатысты агрессия танытып, алаңға шыққаны үшін, сондай-ақ Чемпионат регламентінің 6.43-тармағының 14-тармақшасының талаптарын бұзып, матч аяқталғаннан кейін төрешілер бөлмесіне кіріп, матчтың ресми тұлғасына балағат сөздер айтып, қорқыту әрекеттерін жасағаны үшін ҚФФ Әдеп кодексінің 2-тарауының 9 және 13-тармақтарын, Тәртіптік регламенттің 53-бабы мен 7-бабының 5-тармағын басшылыққа ала отырып, «Елімай» ФК басқарушы директоры Федор Анатольевич Симинидиге 2026 жылғы 24 маусымнан 1 қазанға дейін «Елімай» ФК қатысатын матчтар өтетін стадиондарға кіруге тыйым салу түріндегі санкция қолданылсын. Сонымен қатар оған 100 АЕК көлемінде айыппұл салынсын. Айыппұл 2026 жылғы 23 шілдені қоса алғанға дейін төленуі тиіс. Ф.А. Симинидиге қатысты стадиондарға кіруге тыйым салу санкциясының орындалуын қамтамасыз ету міндеті «Елімай» ФК-ға жүктелсін.
Команда жанкүйерлерінің матчтың ресми тұлғаларына қатысты қорлайтын сөздер айтуы, төрешіге тиген заттарды лақтыруы, сондай-ақ бөгде тұлғаның төрешілер бөлмесіне кіруіне жол беру арқылы қауіпсіздікті қамтамасыз етпеуі үшін Тәртіптік регламенттің 64-бабының 1-тармағына және 63-бабының 1-тармағына сәйкес, Тәртіптік регламентке №1 қосымша мен 37-бапты басшылыққа ала отырып, тәртіптік құқықбұзушылықтардың жиынтығы бойынша «Елімай» футбол клубына 300 АЕК көлемінде айыппұл салынсын. Айыппұл 2026 жылғы 23 шілдені қоса алғанға дейін төленуі тиіс.
13-турдағы «Елімай» – «Ордабасы» матчында 1 ойыншы мен команданың 2 өкілінің алаңнан қуылуымен көрінген тәртіпсіз мінез-құлық үшін Тәртіптік регламенттің 48-бабының 2) тармақшасына сәйкес, Тәртіптік регламентке №1 қосымша негізінде «Елімай» футбол клубына 100 АЕК көлемінде айыппұл салынсын. Айыппұл 2026 жылғы 23 шілдені қоса алғанға дейін төленуі тиіс.
Қазақстан Республикасы Премьер-лига клубтары арасындағы футболдан Қазақстан чемпионатының 13-туры аясындағы «Елімай» – «Ордабасы» матчынан кейін «Елімай» ФК өкілдерінің атына балағат сөздер айтып, ҚФФ Әдеп кодексінің нормаларын бұзғаны үшін ҚФФ Әдеп кодексінің 2-тарауының 9 және 13-тармақтарын, Тәртіптік регламенттің 53 және 14-баптарын басшылыққа ала отырып, төреші Арман Хамитұлы Есмұратов 2026 жылғы 24 маусымнан 1 қазанға дейін қызметінен шеттетілсін. А.Х.Есмұратовқа қатысты санкцияның орындалуын қамтамасыз ету міндеті Төрешілік және VAR дамыту департаментіне жүктелсін.