Астанада Премьер-лига инспекторларының семинары басталды
Бағдарлама төрешілер бригадасы жұмысын бағалау сапасын арттыруға және матчтарды талдауда бірыңғай тәсіл қалыптастыруға бағытталған. Семинарға 19 инспектор қатысып жатыр. Негізгі назар бас төрешілердің, төреші ассистенттерінің, сондай-ақ VAR және AVAR төрешілерінің іс-әрекеттерін дұрыс бағалауға аударылған.
Оқу барысында Нуну Каштру мен Леонид Калошин УЕФА турнирлері мен Қазақстан Премьер-лигасы матчтарының бейнематериалдарын пайдалануда. Төрелік етуді бағалауда бірыңғай тәсілді қамтамасыз ету үшін бұған дейін Премьер-лига арбитрларының семинарында талданған бейнеклиптер де қолданылды.
Бұдан бөлек, барлық инспекторлар ойын ережелері мен бейнеэпизодтар бойынша тестілеуден өтті. Тесттерді сәтті тапсыру Премьер-лига матчтарына тағайындау алу үшін міндетті шарт.