Сағи Совет: «Ұлттық құрамада ойнау – әр ойыншының арманы»

Сағи Совет: «Ұлттық құрамада ойнау – әр ойыншының арманы»

10 маусым 2026, 03:00
Сағи Совет: «Ұлттық құрамада ойнау – әр ойыншының арманы»
Футболдан Қазақстан құрамасының ойыншысы Сағи Совет Мажарстанмен жолдастық матчтан кейін ойын туралы пікірін айтты.

- Әрине, ұлттық құрама сапында ойнау – ерекше сезім. Бұл кез келген футболшының бала күнгі арманы деп ойлаймын. Сондықтан дебют жасағаныма өте қуаныштымын. Осындай мүмкіндік берген бапкерлер штабына алғысымды білдіремін.

Өкінішке қарай, бүгін өзіміз қалаған нәтижеге жете алмадық. Әрине, көңіл күйіміз түсіп тұр. Бірақ мұндай ойындарда тәжірибе жинап, деңгейіңді көтересің. Осындай мықты қарсыластарға қарсы матчтар футболшы ретінде өсуге көмектеседі.

Сондай-ақ жанкүйерлердің қолдауын анық сездік. Стадионға келіп, бізді қолдаған барша жанкүйерге көп рақмет.

Алдағы уақытта ұлттық құрама сапында жанкүйерлерді жақсы ойынмен және жеңістермен қуантуға тырысамыз. Бұйырса, жеңісті күндер әлі алда.

Бөлісу
Жоғары