ҚФФ Бақылау, тәртіптік және этикалық комитеті «Хан Тәңірі» футбол клубына қатысты шешім қабылдады
Бақылау, тәртіптік және этикалық комитеті ҚФФ-ның қауіпсіздік және интегрити қызметінің жетекшісі А.Е. Бутиннің «Хан Тәңірі» ФК өкілдерінің UEFA-ның «C» санатындағы бапкерлік лицензияларының бар екенін растау кезінде жалған құжаттарды пайдалану фактісі бойынша жүргізілген қызметтік тексеріс аясындағы өтінішін қарады.
Құжаттарды қолдан жасау және бұрмалау дерегі үшін ҚФФ Әдеп кодексінің 14-тарауының 46-тармағын, Тәртіптік регламенттің 57-бабының 3-тармағы мен 7-бабының 6-тармағын басшылыққа ала отырып, «Хан Тәңірі» ФК жастар командасының бапкері Асылжан Ермекұлы Ермековке 18 (он сегіз) ай мерзімге футболға қатысты кез келген қызметпен айналысуға тыйым салу түріндегі санкция қолданылсын. Сонымен қатар, Тәртіптік регламенттің 57-бабының 1-тармағына сәйкес 30 АЕК көлемінде айыппұл салынсын. А.Е. Ермеков айыппұлды 2026 жылғы 25 шілдені қоса алғанға дейін төлеуі тиіс.
Құжаттарды қолдан жасау және бұрмалау дерегі үшін ҚФФ Әдеп кодексінің 14-тарауының 46-тармағын, Тәртіптік регламенттің 57-бабының 3-тармағы мен 7-бабының 6-тармағын басшылыққа ала отырып, «Хан Тәңірі» ФК жастар командасының бапкері Айбек Сәкенұлына 18 (он сегіз) ай мерзімге футболға қатысты кез келген қызметпен айналысуға тыйым салу түріндегі санкция қолданылсын. Сонымен қатар, Тәртіптік регламенттің 57-бабының 1-тармағына сәйкес 30 АЕК көлемінде айыппұл салынсын. А. Сәкенұлы айыппұлды 2026 жылғы 25 шілдені қоса алғанға дейін төлеуі тиіс.
«Хан Тәңірі» ФК атынан жалған құжаттарды пайдаланғаны, сондай-ақ ҚФФ-ның ресми тұлғаларына қатысты балағат сөздер айтып, беделге нұқсан келтіретін сипаттағы қоқан-лоққы жасауы арқылы әдепке жат мінез-құлық танытқаны үшін ҚФФ Әдеп кодексінің 14-тарауының 46-тармағын, 2-тарауының 9 және 13-тармақтарын, сондай-ақ Тәртіптік регламенттің 57-бабының 3-тармағы мен 7-бабының 6-тармағын басшылыққа ала отырып, «Хан Тәңірі» ФК менеджері Айдын Омарбекұлы Масалимовке 12 (он екі) ай мерзімге футболға қатысты кез келген қызметпен айналысуға тыйым салу түріндегі санкция қолданылсын. Сонымен қатар, Тәртіптік регламенттің 57-бабының 1-тармағына сәйкес 30 АЕК көлемінде айыппұл салынсын. А.О. Масалимов айыппұлды 2026 жылғы 25 шілдені қоса алғанға дейін төлеуі тиіс.
А.Е. Ермековке, А. Сәкенұлына және А.О. Масалимовке қатысты футболға байланысты кез келген қызметпен айналысуға тыйым салу санкциясының орындалуын қамтамасыз ету міндеті «Хан Тәңірі» ФК-ға жүктелсін.
Тәртіптік регламенттің 57-бабының 4-тармағына және Тәртіптік регламентке №1 қосымшаға сәйкес «Хан Тәңірі» ФК-ға 100 АЕК көлемінде айыппұл салынсын. Клуб айыппұлды 2026 жылғы 25 шілдені қоса алғанға дейін төлеуі тиіс.
ҚФФ-ның регламенттік құжаттарының талаптарын сақтауды қамтамасыз ету жөніндегі міндеттерді тиісінше орындамағаны үшін Тәртіптік регламенттің 67-бабына сәйкес «Хан Тәңірі» ФК бас директоры Т.К. Молдағалиевке ескерту жасалсын. Сондай-ақ клубтың ресми тұлғалары тарапынан мұндай құқықбұзушылықтардың қайталануына жол бермеу және лицензиялау барысында бапкерлердің мәртебесін растауға бақылауды күшейту ұсынылсын.