Шымкентте қыздар командалары арасындағы «Балғын» республикалық турнирі мәресіне жетті

Шымкентте қыздар командалары арасындағы «Балғын» республикалық турнирі мәресіне жетті

29 маусым 2026, 23:40
Шымкентте қыздар командалары арасындағы «Балғын» республикалық турнирі мәресіне жетті
Шымкентте «БИІК» футбол орталығында 15 жасқа дейінгі қыздардан құралған аймақтық құрама командалар арасындағы «Балғын» республикалық турнирі аяқталды.

Бірнеше күн бойы Қазақстанның Оңтүстік, Солтүстік, Шығыс және Батыс өңірлерінен келген 100-ге жуық жас футболшы матчтарда өз шеберліктерін көрсетіп, 20-ға жуық маманның жетекшілігімен қарқынды оқу-жаттығу жиындарынан өтті. Жобаның басты мақсаты – тек жарыс өткізу ғана емес, сонымен бірге болашағынан үміт күттіретін жас спортшылардың техникалық дайындығын кешенді түрде бақылау, бағалау және олардың әлеуетін ашу.

Турнир қорытындысы бойынша бапкерлер штабы Қазақстан WU-15 қыздар құрамасының жақын арадағы құрамын жасақтайды. Өздерін үздік қырынан көрсете білген футболшылар ағымдағы жылдың тамыз айында өтетін «Даму Кубогы» халықаралық турниріне қатысу үшін ұлттық құрамаға шақырту алады.

Бөлісу

Жаңалықтар

Жоғары