Сергей Малый: «Еліміз үшін әрқашан соңына дейін ойнаймыз»
Қысқа уақыттың ішінде екі сырт алаңдағы матч өткізу оңай болған жоқ. Үнемі жолда жүрдік, ұшулар көп болды, қалпына келуге де уақыт аз болды. Бірақ бізді мықты қарсыластар күтіп тұрғанын білдік, сондықтан әр ойынға барынша дайындалдық.
Ең бастысы – біздің құраманың мінезі бар. Әрине, қарсыластың өз алаңында ойнағаны да әсер етті. Оның үстіне Мажарстан өте мықты құрама. Бізге әлі де жұмыс істейтін тұстар көп, бірақ осы матчтар біздің де осындай деңгейде ойнай алатынымызды көрсетті. Иә, қарсыластың тәжірибесі мен шеберлігі көбірек болуы мүмкін, бірақ біздің мінезіміз кез келген командамен тең дәрежеде күресуге мүмкіндік береді.
Осындай мықты қарсыластармен неғұрлым көп ойнасақ, соғұрлым өсе түсеміз. Бірақ мұндай матчтарда Азия төрешілері де жұмыс істесе екен деген ой бар. Өйткені олар біздің футболдың ерекшелігін жақсырақ біледі. Ал еуропалық төрешілер еуропалық құрамалардың ойындарын басқарғанда кей сәттерде бізге оңай болмай жатады.
Біз Қазақстанды жақсы көреміз және еліміз үшін әрдайым соңына дейін күресеміз. Ешкімге ештеңені оңайлықпен бере салмаймыз.