Жағажай футболынан Қазақстан құрамасы Павлодарда оқу-жаттығу жиынын өткізеді
Жиын 2026 жылдың 15-24 маусым аралығында өтеді. Оқу-жаттығу жиыны Еуролиганың тұрақты маусымына дайындықтың басты кезеңі болмақ. Конференцияның матчтары 2026 жылдың 29 шілдесі мен 2 тамызы аралығында Кишиневте (Молдова) ұйымдастырылады.
Жеребе қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасы «С» тобына түсті. Онда отандастарымыз Италия, Франция және Молдова командаларымен ойнайды. Қатарлас «D» тобында Украина, Дания, Германия және Эстония өнер көрсетеді.
Бас бапкердің міндетін атқарушы Дмитрий Перевертов Павлодардағы оқу-жаттығу жиынына шақырылған ойыншылардың тізімін жариялады:
Қақпашылар: Бахадыр Есемуратов («Малайсары», Жетісу облысы), Дастамиден Дагиев, Даниель Қошқарев (екеуі де – «Арман», Павлодар);
Қорғаушылар: Владислав Шевчук, Асқар Әжікенов, Михаил Кайзер, Денис Гулый, Игорь Демешко (барлығы – «Арман», Павлодар), Әбдіқадыр Құрбанов («Omega», Тараз), Саят Әшімов («Малайсары», Жетісу облысы);
Шабуылшылар: Баянбек Мұралинов, Тимур Ершин, Алан Мынбаев, Артур Деринг, Мұса Әлиев (барлығы – «Арман», Павлодар), Айдын Амангелді («Малайсары», Жетісу облысы), Арман Шотанов («Barqy», Семей), Әмірхан Мұхаметов (ТК B&A, Шарбақты).
Бапкерлер штабы мен әкімшілік құрам
Бас бапкердің міндетін атқарушы: Дмитрий Перевёртов
Бапкер-кеңесші: Антон Шкарин
Менеджерлер: Берік Өмірбаев, Руслан Кенетаев
Дәрігер: Александр Гайдуков
Амбассадор: Тимур Камашев
Массажист: Дархан Смайылов