Астанада «Былғары доп» Ұлттық мектеп лигасының финалдық кезеңі аяқталды
12 маусым 2026, 16:45
Турнирге еліміздің 15 өңірінен келген 15 команда қатысты. Бірнеше күнге созылған тартысты бәсекеде жас футболшылар өздерінің шеберліктері мен жеңіске деген зор жігерін көрсетті.
Жарыс қорытындысы бойынша павлодарлық команда алтын медальді жеңіп алды. Күміс жүлде Батыс Қазақстан облысының құрамасына бұйырса, үздік үштікті Абай облысының командасы түйіндеді.
Жеке номинациялар:
Үздік қақпашы – Рустам Истамғазиев (БҚО)
Үздік қорғаушы – Әділ Бекен (Абай облысы)
Үздік жартылай қорғаушы – Нұрәли Залетден (Ақмола облысы)
Үздік сұрмерген – Эмиль Камаров (Павлодар облысы)
Үздік ойыншы – Алан Кабдуллаев (Павлодар облысы)
Үздік бас бапкер – Аманжол Есенов (БҚО)
Жаңалықтар
12 мау., 16:10
10 мау., 03:20
10 мау., 02:00