Қазақстан әйелдер ұлттық құрамасы 2027 жылғы Әлем чемпионатына іріктеудің плей-офф кезеңіне шықты
Қазақстан құрамасы С дивизионының 6-тобында Беларусь және Армения құрамаларымен сынға түсті. Бегайым Қырғызбаеваның шәкірттері тартысты өткен ойын нәтижесінде 7 ұпай жинап, топта екінші орынды иеленді. Бұл нәтиже С лигасындағы екінші орын алған үздік командалар қатарына еніп, қыздарымыз плей-офф кезеңінің бірінші раундына өтті.
Топтағы ойын нәтижелері:
Қазақстан – Армения: 3:0 және 1:1
Қазақстан – Беларусь: 1:0 және 0:1
Жеребе тарту рәсімі 18 маусымда Швейцарияның Ньон қаласында өтіп, Қазақстан құрамасының плей-оффтың бірінші кезеңіндегі алғашқы қарсыласы анықталады.
Күз айларында өтетін өтпелі матчтарда А, В және С лигасы командалары 2027 жылғы Әлем чемпионатына жолдама үшін бақ сынайды. Бұл кезеңде жалпы есепте 7 тікелей жолдама және 1 континентаралық плей-офф жолдамасы сарапқа салынады.
Анықтама үшін: Әйелдер арасындағы 10-шы Әлем чемпионаты 2027 жылдың 24 маусымы мен 25 шілдесі аралығында Бразилияда өтеді. Турнирге әлемнің ең үздік 32 ұлттық құрамасы қатысады.
Қыздарымызды жеңісімен құттықтаймыз және плей-офф кезеңіндегі ойындарына сәттілік тілейміз!