ҚФФ Дүниежүзілік донор күніне арналған іс-шараға қатысты
14 маусым 2026, 19:38
Іс-шараға Қазақстан футбол федерациясы атынан Бас хатшының міндетін атқарушы Александр Кеплин қатысты.
Донорлық – адам өмірін сақтап қалуға бағытталған маңызды әлеуметтік бастамалардың бірі.
Жақында Қазақстан футбол федерациясы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Трансфузиология ғылыми-өндірістік орталығымен өзара түсіністік және ынтымақтастық туралы меморандум жасасты.
Ынтымақтастық аясында ерікті қан донорлығы мәдениетін дамыту, салауатты өмір салтын насихаттау және қоғамдағы әлеуметтік жауапкершілік құндылықтарын дәріптеу бағытында бірқатар бастамалар қолға алынды.
Жаңалықтар
12 мау., 16:10
10 мау., 03:20