Көңіл айту
Владимир Алишоевич футболшы ретінде мәскеулік «Торпедо» сапындағы өнер көрсетуімен танымал болған. Сондай-ақ оның еншісінде КСРО-ның жастар және ұлттық құрамаларында өткізген матчтары бар.
Владимир Алишоевич бапкерлік мансабын өз Отаны – Тәжікстанда бастаған. 1996 жылы Қазақстанға қоныс аударып, «Екібастұз» клубының тізгінін ұстады, кейіннен көптеген жылдар бойы отандық ұжымдарда бас бапкер және бас бапкердің көмекшісі қызметтерін атқарды.
Владимир Алишоевич 1999 және 2001 жылдары Қазақстан Кубогының иегері атанса, 2004 жылы алматылық «Қайраттың» бапкерлер штабында жұмыс істеп, Премьер-лига чемпиондығын жеңіп алды.
Қазақстан футбол федерациясы марқұмның туған-туыстары мен жақындарына қайғыларына ортақтасып, көңіл айтады. Оның футболды дамытуға қосқан үлесі отандық спорт тарихының маңызды бөлігі ретінде мәңгі сақталады.