Көкшетауда Walking Football Challenge – «Көкшетау Аңыздары» турнирі өтті

Көкшетауда Walking Football Challenge – «Көкшетау Аңыздары» турнирі өтті

16 маусым 2026, 16:20
Көкшетауда Walking Football Challenge – «Көкшетау Аңыздары» турнирі өтті
14 маусымда Көкшетау қаласындағы «Энергетик» стадионында Ақмола облыстық футбол қауымдастығының қолдауымен жүрмелі футболдан Walking Football Challenge – «Көкшетау Аңыздары» турнирі мәресіне жетті.

Жасыл алаңда көптеген жылдар бойы өмірін осы спорт түріне арнап, өз командаларының атын шығарған және бүгінде белсенділігі мен шынайы спорттық мінезі арқылы айналасына үлгі болып жүрген ардагерлер бас қосты.

Бүгінгі таңда Walking Football – жай ғана ойын емес. Бұл – денсаулықты сақтауға, белсенді өмір салтын қолдауға, достармен жүздесіп, командалық рухты сезінуге және жас ерекшелігіне қарамастан сүйікті іспен айналысуды жалғастыруға мүмкіндік беретін бірегей қозғалыс.

Турнир жүлдегерлері:

1-орын – «Ардагер»

2-орын – «Торпедо»

3-орын – «Аксу»

Жеке номинациялар бойынша үздік ойыншылар:

Үздік қақпашы – Александр Екторов («Ақсу»)

Үздік қорғаушы – Сергей Рубанов («Ардагер»)

Үздік жартылай қорғаушы – Сайран Мұхаметжанов («Елу бес»)

Турнирдің үздік ойыншысы – Армен Карапетян («Торпедо»)

Бөлісу
Жоғары