Қазақстан U-19 құрамасының ЕУРО-2026/27 екінші іріктеу кезеңіндегі қарсыластары анықталды

Қазақстан U-19 құрамасының ЕУРО-2026/27 екінші іріктеу кезеңіндегі қарсыластары анықталды

15 маусым 2026, 15:56
Қазақстан U-19 құрамасының ЕУРО-2026/27 екінші іріктеу кезеңіндегі қарсыластары анықталды
Швейцарияның Ньон қаласында 19 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасындағы 2026/27 жылғы Еуропа чемпионаты екінші іріктеу кезеңінің жеребе тарту рәсімі өтті.

Жеребе қорытындысы бойынша Қазақстан U-19 құрамасы А Лигасының екінші тобына түсті. Іріктеу кезеңінде біздің команда Бельгия, Шотландия және Косово жасөспірімдер құрамаларымен кездеседі.

Турнир матчтары 11-17 қараша аралығында Шотландияда өтеді.

А Лигасының екінші кезеңінде өз топтарында алғашқы үш орынды иеленген командалар іріктеу турнирінің үшінші кезеңіне жолдама алады, бұл бәсеке 2027 жылдың көктемінде ұйымдастырылады. Оларға В Лигасы топтарының жеңімпаздары қосылады.

Үшінші кезеңде 28 құрама төрт командадан жеті топқа бөлінеді. Топ жарған жеті ұжым алдағы доданың қожайыны – Чехияға қосылып, финалдық кезеңде бақ сынайды.

Бөлісу
Жоғары