Футболдан Премьер-лиганың 13-тур матчтарындағы жекелеген ойын эпизодтарына түсіндірме
«Ұлытау» - «Жеңіс»
12-минут. Бірінші эпизодта айып алаңындағы ықтимал қолмен ойнау жағдайы қарастырылады. Айып добынан кейін доп айып алаңына бағытталады. №88 қорғаушы допқа ойнауға тырысады, алайда доп оның аяғынан рикошет болып, табиғи қалыпта тұрған қолына тиеді.
Төреші эпизодқа жақын орналасқан және ойынды жалғастыруға мүмкіндік береді. Қайталаудан доптың алдымен қорғаушының аяғына, содан кейін қолына тигені анық көрінеді. Бұл сәтте қол дене аумағын табиғи емес түрде үлкейтпейді.
Қорытынды: ойынды жалғастыру туралы шешім дұрыс болды.
«Ақтөбе» - «Алтай»
36-минут. Екінші эпизодта шабуылды тоқтату жағдайы қарастырылады. Алаң иелері шабуыл ұйымдастырып жатқан сәтте №15 қорғаушы қарсыласын құлатып, ереже бұзады.
Қайталаудан ереже бұзылған сәтте №3 қорғаушының алда тұрғаны және допқа таласуға мүмкіндігі болғаны көрінеді. Сондықтан бұл эпизод айқын гол соғу мүмкіндігінен айыру емес, шабуылды тоқтату ретінде бағалануы тиіс.
Сондай-ақ кадрдан №17 ойыншының төрешіге бірнеше рет VAR белгісін көрсеткені байқалады. Мұндай әрекет спорттық емес мінез-құлық болып саналады және сары қағазбен жазалануы керек.
Қорытынды: төрешінің ереже бұзуға қатысты шешімі дұрыс
«Елімай» - «Ордабасы»
47-минут. Үшінші эпизодта ойыннан тыс қалу жағдайы қарастырылады. Алаң иелерінің шабуылы кезінде доп қарсылас қақпасына кіреді. VAR эпизодты тексеріп, сызықтар сызылғаннан кейін шабуылшының иығы мен денесі қорғаушының аяғынан гөрі қақпа сызығына жақынырақ орналасқанын анықтайды.
Үлкейтілген суретте бұл жағдай анық көрінеді. VAR араласуынан кейін төреші дұрыс шешім қабылдап, ойыннан тыс қалуды тіркейді.
Қорытынды: гол дұрыс жойылды, офсайд үшін еркін соққы тағайындалды.
«Қайрат» - «Атырау»
86-минут. Қорытынды эпизодта айып алаңындағы ықтимал қолмен ойнау жағдайы қарастырылады. Алаң иелерінің №28 ойыншысы қақпаға соққы жасайды, содан кейін VAR эпизодты тексереді.
Қайталаудан доптың алдымен қорғаушының аяғына тигені, кейін жоғары көтеріліп, кеуде тұсына бағытталғаны көрінеді. Қорғаушының сол қолы денесінің артында орналасқан, ал доптың қолға тигені байқалмайды.
Қорытынды: ойынды жалғастыру туралы шешім дұрыс болды. VAR-дың эпизодқа араласпауы да дұрыс шешім.