Қазақстан футбол федерациясы мен Carlsberg Central Asia ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды

Қазақстан футбол федерациясы мен Carlsberg Central Asia ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды

17 маусым 2026, 14:50
Қазақстан футбол федерациясы мен Carlsberg Central Asia ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды
Қазақстан футбол федерациясы (ҚФФ) мен «Carlsberg Central Asia» ЖШС Қазақстан Республикасында футболды қолдау мен насихаттауға, футбол мәдениетін дамытуға және ел аумағындағы жанкүйерлермен өзара байланысты нығайтуға бағытталған ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды.

Құжатқа Қазақстан футбол федерациясының басқарушы директоры Бекжан Сафинов пен Carlsberg Central Asia компаниясының маркетинг жөніндегі вице-президенті Екатерина Потокина қол қойды.

Келісім тараптар арасындағы ұзақмерзімді әріптестікті дамытуға, бірлескен маркетингтік, коммуникациялық және демеушілік жобаларды жүзеге асыруға, сондай-ақ ҚФФ аясында ұйымдастырылатын футболды дамытуға бағытталған бастамалар мен іс-шараларды қолдауға негізделген.

Ынтымақтастық аясында жанкүйерлерді тартуға, футбол қауымдастығы мен ұлттық құрамалар арасындағы байланысты нығайтуға, сондай-ақ спорт пен салауатты өмір салтының құндылықтарын дәріптеуге бағытталған ATL, PR, Digital және BTL белсенділіктерінің кешенді бағдарламасын жүзеге асыру жоспарланып отыр.

«Бұл келісім ірі брендтермен әріптестік қатынастарды дамыту жолындағы маңызды қадам болып табылады. Әлемдік деңгейдегі жетекші компаниялардың бірімен күш біріктіру жанкүйерлерге арналған жаңа жобаларды іске асыруға және елімізде футболды кеңінен насихаттауға қосымша серпін береді. Ал футболды дамыту мен танымал ету – ҚФФ қызметінің негізгі стратегиялық басымдықтарының бірі», – деді Бекжан Сафинов.

Өз кезегінде Carlsberg Central Asia компаниясының маркетинг жөніндегі вице-президенті Екатерина Потокина Қазақстан футбол федерациясымен әріптестік орнату Carlsberg Group компаниясының әлемдік футболды қолдау бағытындағы көпжылдық дәстүрінің заңды жалғасы екенін атап өтті.

«Футбол – жасына, тіліне және ұлтына қарамастан адамдарды біріктіретін ойын. Carlsberg үшін футболды қолдау ондаған жылдар бойы корпоративтік мәдениеттің маңызды бөлігі болып келеді. Біз Қазақстан футбол федерациясының серіктесі атанғанымызға қуаныштымыз және футбол қозғалысын дамытуға, жанкүйерлер үшін жаңа мүмкіндіктер жасауға әрі Қазақстандағы спорт мәдениетін нығайтуға өз үлесімізді қосуға дайынбыз», – деді Екатерина Потокина.

Бұл әріптестік Carlsberg Group компаниясының футболды қолдау жөніндегі халықаралық дәстүрінің жалғасы саналады. Компанияның еуропалық футболмен серіктестік тарихы 1988 жылдан бастау алады және арада қырық жылға жуық уақыт өтсе де, бизнес пен спорт арасындағы ұзақмерзімді ынтымақтастықтың ең табысты үлгілерінің бірі ретінде қалып отыр. Осы уақыт ішінде бренд әлемдегі ең ірі футбол турнирлері мен футболды дамытуға бағытталған көптеген бастамалардың ажырамас бөлігіне айналды.

Қол қойылған келісім тараптардың өзара тиімді серіктестікті дамытуға деген ұмтылысын көрсетеді. Бұл ынтымақтастық футболдың танымалдылығын арттыруға, жаңа буын жанкүйерлерді тартуға және Қазақстандағы спорттық дәстүрлерді нығайтуға ықпал етеді.

Бөлісу

Жаңалықтар

Жоғары