Еурокубоктардың алғашқы кезеңіндегі отандық клубтардың қарсыластары анықталды

Еурокубоктардың алғашқы кезеңіндегі отандық клубтардың қарсыластары анықталды

16 маусым 2026, 23:26
Еурокубоктардың алғашқы кезеңіндегі отандық клубтардың қарсыластары анықталды
УЕФА-ның Ньондағы (Швейцария) штаб-пәтерінде Чемпиондар лигасы мен Конференция лигасының 2026/2027 жылғы маусымындағы алғашқы іріктеу кезеңдерінің жеребесі тартылды.

Қазақстан чемпионы «Қайрат» Чемпиондар лигасындағы жолын Черногорияның «Сутьеска» командасына қарсы бастайды. Алғашқы матчты алматылықтар 7 немесе 8 шілдеде өз алаңында өткізсе, қарымта кездесу 14 немесе 15 шілдеде Никшич қаласында өтеді.

Елордалық «Астана» Конференция лигасының алғашқы іріктеу раундында Албанияның «Динамо Сити» ұжымымен кездеседі. Бірінші ойын 9 шілдеде Тиранада, ал жауапты кездесу 16 шілдеде Астанада ұйымдастырылады.

«Елімай» Конференция лигасында Арменияның «Алашкерт» клубымен ойнайды. Семейлік клуб үшін бұл еуропалық аренадағы дебюттік маусым болмақ. Командалар арасындағы алғашқы матч 9 шілдеде Ереванда өтсе, қарымта кездесу 16 шілдеде Семейде өтеді.

Бөлісу
Жоғары