Ержан Мұсабеков «Ақтөбе» – «Алтай» ойынын тамашалады

Ержан Мұсабеков «Ақтөбе» – «Алтай» ойынын тамашалады

17 маусым 2026, 11:52
Ержан Мұсабеков «Ақтөбе» – «Алтай» ойынын тамашалады
ҚФФ кәсіби клубтар арасында жарыстар өткізу дирекциясының жетекшісі Ержан Мұсабеков Премьер-лига аясындағы «Ақтөбе» мен «Алтай» командалары арасындағы матчқа барды.

Жұмыс сапары барысында Ержан Мұсабеков ойын басталар алдында екі клубтың басшылық өкілдерімен кездесті.

Кездесу барысында тараптар өзара ынтымақтастық, матчтарды ұйымдастыру және өңірлердегі футболды дамыту мәселелерін талқылады. Дирекция басшысы клуб өкілдерінің пікірлері мен ұсыныстарын мұқият тыңдап, кәсіби жарыстарды өткізу сапасын арттыру үшін клубтар мен ҚФФ арасындағы ашық әрі тұрақты диалогтың маңыздылығын атап өтті.

Айта кетейік, бұған дейін Ержан Мұсабеков «Ордабасы» – «Қайрат» матчын да арнайы барып көрген. Алдағы уақытта ол жұмыс сапарымен Қазақстанның барлық өңірлерін аралауды жоспарлап отыр. Бұл сапарлардың негізгі мақсаты – клубтармен өзара байланысты нығайту, өңірлердегі ахуалмен танысу және еліміздегі кәсіпқой жарыстарды ұйымдастыру мәселелері бойынша өзара іс-қимылдың тиімділігін арттыру.

Бөлісу

Жаңалықтар

Жоғары